Қазақстанда бейбітшілік митингер мен демонстрацияларға рұқсат ету керек деп санаймын.  Немқұрайлы емес, шынайы. Бұл құқық рұқсат етілген сипатты емес, ескертетін сипатта болу қажет. Яғни, митинг үйымдастырушылар биліктен рұқсат сұрамау қажет, тек бір күні бұрын бір жерде митинг, шеру немесе демонтрация өткізілетін туралы билікті ескерту қажет. Митинг өткізетін орындарды билік алдын ала бекіту қажет, бірақ әкімдіктер осы мақсаттар үшін жиі бөлетін шалғайдағы оқшау жерлерде емес, орталық алаңдарда. Билік белгіленген ауданда қоғамдық тәртіпті қамтамасыздандыруға, бірақ демонстарцияны тарқатуға емес, шаралар қолдану қажет.

Сонымен бірге митингке қатыспайтын және митингке шыққандарды қолдамайтын басқа да азаматтардың мүдделерін ұмытпау қажет. Митинг олардың күнделікті өмірлеріне, көліктің жүруіне кедергі келтірмеу керек, оған қоса қоғамдық тәртіпке, қоршаған адамдардың өмірлері мен денсаулығына қауіп төндірмеу керек.  Бұл ережені іске асыру үшін митинг жүргізілетін жерлерді тұрақты бейнебақылаумен жабдықтау қажет, ал митингке қатысушыларға бетперде киюге тыйым салу керек. Митингке қатысушылардың әрқайсысы оның беті суретке түсірілгенін, яғни, оны оп-оңай анықтауға болатынын білу қажет. Бұл оны зорлық пен вандализм әрекеттерін жасауға жібермейді.

Осындай ережелер бойынша митингтерді (оларды шынайы рұқсат еткенде) өткізудің  бірінші нәтижелерінде бір тарап жағынан да, екінші тарап жағынан да міндетті болжалды қателіктер болады. 

Көпшілік алдында сөз сөйлеуде тәжірибесі жоқ митингке қатысушылар жаман сөздерге, бейпіл сөздерге, айғайға, көбінесе былықпайшылыққа тап болады. Митингке қатысушылардың арасында жауыққан ерендер де, азғырушылар да кездеседі. Ондайларды қатаң жазалау қажет. Дәп бұл зор еркіндіктің құны болады.

Билік жағынан да қателеіктер болады. Жергілікті шенеунікке митингке қатысушы халық жауы емес, ол сияқты сондай-ақ азамат деген ойға көну оңай емес. Және де ол осылайша өзінің пікірін қоғамдыққа жеткізуге құқылы.  Бұл үшін оны ұрып-соқпау, қолын бұрау, плакаттарды жырту, бейнекамераларды қирату керек жоқ. Ойдағысын айтқызуға мүмкіндік беру қажет (әрине, ол адамдарды балағаттамаса, жүргіншілерге және полицейлерге шабуыл жасамаса, мүлікті ойрандамаса және т.б.).

Қателіктер болады. Бірақ демократияның осы құралына үйрену қажет. Бір кезде бастау қажет.

Жүз жылдықтар бойы адамзат халықтың пікірін білдіруші ретінде демонстрациялар, шегулер мен митингтерден артық ештеңе таппады. Өз пікірін көпшілік алдында ашық білдіру – азат қоғамның азаматтарының ардақты құқығы. Бұдан басқа – бұл билік үшін өздерінің әрекеттерін бағалайтын халық пікірінің өте тамаша лакмус қағазы.    

Уақыты жеткенде біздің елімізде алаңдарда әр түрлі «Зейнетақыны жоғарлатыңдар!», «Коммуналдық төлемдерді төмендетіңдер!», «Ормандарды шаппаңдар!», «Шілтер трусиктерді рұқсат етіңдер!» және т.б. жазулары бар плакаттарды ұстаған адамдардың топтары дағдылы көрініске айналғанда еш жаманшылық жоқ. Бұл нормаға айналу қажет және де ешкімнің үрейін алмау керек. Бұл демократиялық қоғамның белгісі. Бүкіл өркенитетті әлем осылай өмір сүреді.

P.S. Біреу митинг пен демонстарциядан революция мен төңкеріске жап-жақын ара деп айтар. Жауап беремін. Соңғы он жылдық ішінде революциялардың көбі митингтерді өткізуге тыйым салынғын жерлерде өткен. Революцияларды жүз жылдықтар аралаығында көрмеген Франция, Италия, АҚШ және де тағы басқа тұрақты елдердің әр түрлі қалаларында демонстрациялар шынында күн сайын өтеді.  

Comments: 0