«Нұр Отан» партиясының 16 съезінде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Президенттен кейбір өкілеттіліктерді Парламент пен Үкіметке табыстануы туралы тезисі жөнінде ойланып-толғануға бел байладым.
Сөз демократияның іргелі қағидаттарының бірін – «өкімет биліктерінің бөлінуін» нақты мағынамен толтыру туралы деп ойлаймын. Істің мәні өкіметтің билігінің үш тараулары: заңнамалық, атқарушылық және соттық бір бірінен тәуелсіз болуы қажеттілікте жатыр. Тек қана осы жағдайда «тойтарыстар мен қарама-қарсылықтардың» жүйесі жұмыс істей бастайды. Мемлекеттің және құқықтың теориясында осы жүйе өкімет билігінің артық шоғырландырылуын болдырмаудың ең жақсы тәсілі деп саналады.
Бізде Қазақстанда өкімет биліктерінің бөліну қағидаты жұмыс істейді ме?
Толық шамада емес, деп ойлаймын.
Заңнамалық биліктен бастайық. Біздің еліміздің Парламенті екі палатадан тұрады: Сенат пен Мәжілистен. Конституцияның 50 бабына сәйкес Сенаттың екі депутататтан облыстардан және Алматы мен Астана қалаларынан сайланады. Алайда сонымен қатар ел Президенті өзінің шешімімен Сенаттың 15 депутатын тағайындайды. Яғни, Парламенттің жоғарғы палатасының үштен бірі Президент басқаратын атқарушылық биліктің тікелей итаршыларынан құрылған. Бұл, әрине, өкіметтің тараулары арасындағы теңгерімді бұзады. Теңдестіруді айтылмыш жағдайды жоюдан бастауға болады деп ойлаймын. Сенатта елдің аймақтарының өкілдері ғана болуы қажет.
Соттық билік. Мұндағы қал одан да сыни жағдайда. Жоғарғы соттың Төрағасы және соттар Президенттің ұсынысы бойынша сайланады. Осылайша, соттық биліктің басшылығы атқарушылық және заңнамалық биліктерге толық тәуелдікке қойылған. Одан әрі, соттық жүйенің қалған құрамы еліміздің Президенті өзі құрастырған Жоғарғы соттық кеңесінің ұсынысы бойынша тағайындалады. Біздің елімізде барлық сот жүйесі елдің Президентіне, яғни атқарушылық өкімет билігіне, толық тәуелді болып шығады. Істің осындай жағдайында мемлекеттік органдары мен шенеуніктерге қатысты сұрақтарда соттар әділетті шешімдер қабылдайтынын күту мүмкін емес. Барлық соттарды төменнен жоғарыға дейін тікелей сайлауды енгізу жалғыз ғана дұрыс шешім деп санаймын. Тек қана тікелей халықтан алған осындай мандат соттарға шынайы тәуелсіз болуларына және атқарушылық билік кейде жақтырмайтын және оны озбырлықтан тежейтін шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Атқарушылық билікке келетін болсақ, онда барлық деңгейдегі әкімдерге көбірек өкілеттіктер берілуі және олардың сайлануға көшуі көптен сұранып тұр. Бұл тұралы еліміздің Президенті өзі де айтып кеткен. Осы үшін кейбір қадамдар жасалды, бірақ, өкінішке орай, олар соңына дейін жеткізілмеді. Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Нұр Отан» партиясының 16 съезінде сөйлеген сөзін осы жұмыстың қайта қозғалуына ескерту деп ұғынамын. Тәсім өте қарапайым: әкімдерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халықы сайлайды; мемлекеттік міндеттердің көбі жергілікті орындарға беріледі; бұл үшін жергілікті әкімдерге көбірек өкілеттіліктер мен қаржылық дербестілік беріледі; соңғысы салықтар мен төлемдердің бөлігін жергілікті бюджетке табыстау деген болады; орталық органдарға қызмет салалардың әрқайсысында жалпы саясатты жасау және биліктің жергілікті органдарын бақылау қалады.
Еліміздің Президентінің өкімет билігін табыстау туралы сөздері нақты іске асырылатына, сондай-ақ өз жағынан, әлбетте, біздің қоғамымыздың дамуына мықты итермеші күш беретіне сенгіміз келеді.
COMMENTS