Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, Евразиялық экономикалық кеңестің аумағында бірыңғай валютаның енгізілуіне қарсы шығамын.
Неге екенін түсіндіремін.
Бірыңғай валютаның енгізілуі үш елдің орталықтандырылған немесе әрі кетсе келісілген ақшалай-валюталық саясатын білдіреді.
Қазақстанда қанша ақша басып шығарылатынын Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы да, тіпті Қазақстан Республикасының Президенті де шешпейді деген сөз. Бұны Ресей Федерациясы Ұлттық банкінің төрайымы, ал дұрысырақ айтқанда – Ресейдың Президенті шешеді.
Неліктен осылай болады?
Өйткені бұның қисыны бар. Евразиялық экономикалық кеңесте басымдылық рөл Ресейде, ол тым болмаса басқа екі одақтастардан мөлшерсіз үлкен болғандығынан. Салыстырыңыздар: Ресейде 2013 жылы (ықпалшараларға дейін) ЖІТ 3,5 триллион АҚШ долларын құрастырды, Қазақстанда – 230 миллиард, Беларусьте – 70 миллиард. Яғни, Қазақстанның және Белорусьтің экономикалары бірге қосып алғанда Ресейдің экономикасының оннан бір бөлігінен аз болады. Осындай жағдайда жалпы экономикадағы ақшалай жиынының көлемін анықтауда шешуші рөл кімде болады? Әрине, Ресейде.
Біз үшін бұл қандай мәнісі бар?
Қазақстанның Ұлттық банкісі де, Өкімет те, тіпті Президент те біздің еліміздің маңызды макроэкономикаляқ көрсеткіштеріне, атап айтқанда инфляцияға, халықтың табыстарының деңгейіне, күнелту минимумға әсер ете алмайды деген мәнісі бар. Бұл көрсеткіштердің барлығы ақшамен өлшенеді, ал ақшаны енді Мәскеу басып шығаратын болады. Неғұрлым көп ақша басылып шығарылса, соғұрлым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы жоғары болады, теңгедегі (немесе алтындағы) тиянақталған табыстары бар адамдар кедейленіп қалады. Ол бюджеттен жалақы алушылар, зейнеткерлер және т.б. Ал біздің үш елімізде осы құбылыстарға әр түрлі көзқараспен қарайтынын қарапайым мысалда көрсетуге болады. Соңғы бес жыл ішінде Беларусьте инфляция 10, 109, 22, 17, 16 % құрастырды. Ресейде – 9, 6, 7, 6, 11 %. Қазақстанда – 8, 7, 6, 5, 7 %.
Тіпті ақша Алматы мен Минскте қатарлас басылып шығарылса, бұл екі баспа білдектері жалпы ақшалай жиынына тіпті ешқандай әсер етпейтін мәскеулікпен салыстырғанда соншалық «кішкентай» болады. Дұрысында, «жаппай қару шығаруға» жөңеліп және өздерінің азаматтарына, олар көршілес елдерге барып және де көбірек тауар сатып алулары үшін неғұрлым көп ақшаны абыржи басып шығарып, тек жағдайды нашарлатады. Бұл құбылысты біз 1990 жылдардың басында, ұлттық валюталарды енгізгенге дейін, көрдік. Өзара сенімсіз бірыңғай валютаны енгізу барып тұрған мағынасыздық.
Ал біздің әріптестерімізге сенуге болады ма?
Менің ойымша, жоқ. Ұзақ дәлелдемеймін. Ең жаңа және айқын мысал келтіремін. 2014 жылы Ресей бір жақты тәртіппен Еврокеңес пен АҚШ-на қарсы ықпалшараларды, одақатстарымен келіспей ғана емес, тіпті оларды іс біткен соң ғана хабардар етіп, қолданды. Қандай сенім мен теңдік туралы айтуға болады?
Жоғарыда айтылғанды түйіндей отырып, бірыңғай валютаны Евразиялық экономикалық кеңесте енгізу біздің егемендігімізге шек қояды және жағымсыз экономикалық салдарға апарады деп санаймын.
COMMENTS