Еліміздегі ханымдардың бірі Астана саябағындағы мүсіннен ұятсыздықтың белгісін байқапты. Басқа бір мырза бұл масқараны жасырмақ болып, мүсінге орамал жауыпты. Ер адамның бұл қылығы біраз адамның қолдауны да ие болып үлгерді.
Не деуге болады?
Бұл оқиға біздің деңгейімізді анықтап берді. Еуропаға Ренессанс дәуірі қараңғы ортағасырлардан соң XV ғасырда келген болса, бізге әлі жетпе қоймаған сияқты. Мәдениет тұрғысынан біз Еуропадан 600 жылға қалып қойғандаймыз. Біз гуманизмнің және Адам ойының, әрекетінің, тәнінің шынайы құндылығын әлі ұғына алмай келеміз. Ер мен әйелдің тәні таңғажайып, мінсіз жаратылыс. Ежелгі құдайлар бейнесі де адамдардың ең асылдарының кескініне қарап салынған. Антикалық дәуірдің шеберлері адам тәнінің сұлулығынан ұялмай, тамсана білген. Олардың туындылары сол кездегі сыншылар мен жазғырушылардың қастығына қарамастан, біздің заманымызға дейін жетті.
Біз кімбіз өзі? Қандай дәуірде өмір сүрудеміз? Өзгеше ойлайтындардың бәрін өртеген қараңғы дәуірде қалып қоймадық па? Әлде надандықты ғылым мен мәдениет ығыстыратын күн туа ма?
P.S. Егер әйел адамның мүсіні біреудің шамына тие беретін болса, ол адамға әлемнің таңдаулы мұражайларының сайттарын жиі қарап тұруға кеңес беремін. Мүмкін сонда 600 жылдан аз уақыт кететін болар?
COMMENTS