– Марат аға неге сіз ескі өлеңдерді тыңдайсыз? Олардың несі жақсы?  Олардың мағынасын да түсінбеймін. 

         – Тыңдап көр інім. Егер түсінбесең түсіндіремін. 
          Міне, орыс өлеңін тыңдап көр: «Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, орға жығады» (Круговая порука мажет, как копоть). Міне сен жақында ғана мемлекеттік жұмысқа тұрдың. Əріптестеріңнің бірі өз қызметін асыра пайдаланып,өз басына қажеттіні жасайды ма? Сен оған көз жұма қарайсың, ал уақыт өте келе ол саған қарайды. Солай болады ма?

         – Ия, болады. Ұсақ түйек қой.
         – Міне осы «жең ұшынан жалғасқан жемқорлық» болып саналады.

           Кішкене ғана тиіп кетсең ережелерге, асыра сілтеушілікке көз жұма қарайсың, сонымен сенде солардың қатарынан боласын. Ал содан кейін өзіңнен адал адамды көрсету ыңғайсыз. Көз жұма артынан ере бересің. Мына қатарлар сен жəне сенің əріптестерің туралы:

          «Бір шынжырмен байланған, 

           Бір мақсатпен байланысты»

           Əрі қарай тыңда:

           Мұнда буын босаң, ал кеңістік үлкен

           Мұнда құрам жаншыды, жасау  үшін тірек…

           Менде тұрып теңелем.
           

           Бұл қатарларда тепе-теңдік туралы айтылады. Кеңес одағында жекелікті ұнатпайтын. Барлығы тең дəрежелі болуы қажет еді. Адамдардан таптар құрып, қатармен жүргізуді жақсы көретін «Мұнда жаман адамдар үшін, жаны жайсаң адамдар құрбандыққа шалынады». Бұндай жүйеде көзге түсетін жарық тұлғаларды ұнатпайтын. Кімнің басқадан өзгеше ойы болса, барлығын жоғалту қауіпі тұрды. Олар қыран құс болса да, жерге лақтырды. Есесіне ақылсыз, бəрімен бірдей жүйеге ыңғайлы тауықтарды қолдады.                 «Сенім жоқ кезде де сенуге болады».

            Ал бұл кеңес билігінің атеизмі туралы.
          «Жұмыс жоқ болса да, жұмыс істеуге болады». Ал бұл социалистік экономиканың бар болмысын көрсетеді. Көптеген ауқымды ұйымдардың қоғам үшін ешбір мағынасы болмады.                         Қызметкерлер нəтиже үшін жұмыс жасамады. Жұмыс орнында 9 дан 18 дейін, отырғаны үшін жалақы алды.»

           Жағдайы төмен адамдар, соған мойынсынған.

           Ал бұл социалистік өмірді армандайтын адамдардың алға тартар сөздері. Кепілдендірілген жұмыс, көлік, жалақы, пəтерді қалайтындардың сөзі. Бəрінің тең болғандығын қалайды. Байлардың болмағандығын қалайды. Олар барлығының кедей болғандығын, кедейліктен өлгендігін қалайды. Басқалардың өзгелерден жақсы тұрмауын қалайды. Бұл теңдіктің психологиясы.

           «Ақпараттың ақиқатқа сәйкес келмеуі».

            Бұл сөздер ресми ақпараттың шын еместігін көрсетеді. Шынайы өмір теледидар мен газет беттеріндегі ақпаратқа сай келмеді. Сондықтан ас бөлмесінде, жеке қалғанда басқа əңгімелер айтылады.

            «Саған келетін адамдар бар болса,

            Сені алып кететіндер де табылады».

            Арадағы сөз тасушылардың табиғаты жайлы айтылған сөздер. Кеше ғана сенімен отырып шəй ішкен адамдар, ертең арадағы сөз тасушылардың қатарында отырады. Ол кезде саған келмейді, сен үшін билік адамдары келеді.

          – Қызық. Сіз болмасаңыз бұл өлеңнің мағынасын түсінбеуші едім. Бірақ бұл айтылған сөздер мен əрекеттер қазіргі таңда да бар ғой.

          – Ия. Отыз жыл бұрын бұл өлеңдер революциялық еді.

          «Машина времени», «Кино», «ДДТ», «Наутилус Помпилиус». Жастар осылардың өлеңдерімен оянды. Қайта құру, демократия, тәуелсіздік, еркіндік – бұлардың бары түннен кейінгі таң іспеттес болды. Ал кейін жəймен тағы осы былыққа баттық. Отыз жылдан кейін, қазір осы өлеңдер актуалды болып көрінеді. Сол үшін жастар, ескі, дұрыс əндерді тыңдаңдар немесе жаңа өлеңдер шығарыңдар. Ояну үшін. https://www.youtube.com/watch?v=U0QuEpg4V4U&list=..

Comments: 0