Бірнеше жыл бұрын «Nokia»-ның орынына қандай телефон алсам деп ойландым. Ол кезде бәрі «Apple» өнімдеріне құмар болатын: қайда барсаң да «iPhone», «iMack», «iPad», адамдар «алма» дертіне шалдыққандай әсер қалатын.
Бірақ менің «алмаға» тәуелді болғым келмеді.
Көптің соңынан ермей, қырсығып, «Samsung» сатып алдым. Бұл компания ол кезде смартфондар нарығында көшбасшы емес еді. Осылай «Apple»-дің үстемдігіне қарсылық білдірген болатынмын. Бір компанияның нарықта гегемонияға ие болуы, тұтынушылардың таңдау еркіндігін шектейді. Себебі нарықта толық басымдыққа ие болған комапания тұтынушыларын ұмытып, билігіне құнығып, құбыжыққа айнала бастайды.
«Samsung» та сондай құбыжыққа айнала бастады, енді «HTC», «Sony» және басқаларға қарайлай бастадым.
COMMENTS