Бір кездері мен өзім де хоккей ойнағанмын. Спорттың басқа командалық ойын түрлерінде сияқты дене шыдамдылығы мен жігерліктен басқа ақыл-парасат пен командалық рух маңызды болады.
Қай уақыттан бері екенін білмеймін, бірақ үлкен хоккейде қарсыластырымен төбелес шығару қалыптасып кетті. Қазір тіпті бірде-бір матч қоян-қолтық ұрыссыз өтпейтін болды.
Бұл не деген ақымақтық пен масқара?!
Хоккей біз игілікті әрекеттерді көріп жүрген спорттың түрі емес пе екен? Жүіргіштер сүрініп қалған қарсыластырына қол беріп тұрғызғандары, велосипедшылардың шаршап қалған бәсекелесті сүйемелдегендері естеріңізде шығар. Тіпті жекпе жек айқастары мен ережесіз жарыстардың өзінде қарсыластыр құшақтасып, бір-бірінің қолдарын алысып қысады.
Олар бір-бірін сыйлайды.
Ал хоккейде ше?
Шынымен, хоккей ойнайтын ерлерге бекзаттық сезім мүлдем тән емес болғаны ма?
Ойынның қызбалығымен қарсыласына қол тигізіп алған хоккейшы барып, оның қолын қысатынын, қақтығысып қалған хоккейшілер бір-біріне тұруға көмектесетінін, сәтсіз шабуылдан кейін шабуылшы ойыншы қақпашыға жақындап «Жарайсың!» деп бүкпесіз айтқанын қалаймын.
Міне, спорт алаңында қандай қарым-қатынастар болу қажет!
Міне, ұлы спортшылар балаларды неге үйрету керек!
COMMENTS