Жақында бір әріптесіммен әңгіме құрып, шын ықыласпен жақынырақ сөйлестік Ол менен едәуір жас және енді ғана өзінің мансабын бастап жатыр.
– Сенің жасың қазір нешеде? Осы жасқа дейін қандай жетістіктерге жеттің? Бұл сенің өмірлік жоспарларына сәйкес келе ме? – жасым үлкен болған соң әңгіменің ғибратты екпінмен бастадым.
– Менде бәрі ойдағыдай – жауап берді ол.
– Алайда сенің кейбір құрдастарың департамент директорлары болды, ал сен әлі де бас маман болып жұмыс істейсің.
– Осы уақытқа дейін менің денсаулығым және физикалық күйім жақсы болады деп жоспарлап едім. Мен қазір 5 километрге жүзе аламын және 100 киллограмм ауыр зат көтере аламын.
Осы жасқа дейін мен жоғары кәсіби деңгейге жетем деп жоспарлап едім. Мен ЖОО және КӘМ бітірдім, менің IELDS 6 балл.
Осы жасқа дейін мен адамзаттың ең маңызды 100 кітабын оқимын деп жоспарладым. Мен оларды оқып шықтым және қазіргі классиктердің кітаптарын оқимын, мен театрлардың және көркемөнер көрмелерінің тұсаукесерлерін өткізбеуге тырысамын.
Менің тамаша отбасым бар: жұбайым, балаларым. Менде бәрі жақсы. Мен даму үстіндемін. Мен жақсы жылдамдықпен дамып келе жатырмын.
– Ал мансап? Лауазым ше?
– Не үшін? Қызметі жағынан менен жоғары болатын құрдастарыма қарағанда, мен сонда ақылсыз, әлсіз, әлде бақытсызбын ба? Лауазым мен үшін мақсат емес. Ең бастысы – ішкі даму. Ал лауазым, регалиялар – менің ішкі дамуымның салдары және көрінісі.
Бұл жігіт мен қатты таң қалдырды және ойландырды.
COMMENTS