Байқап қалғаным, Еуропада экологияға көп назар аударады. Бұл тақырып тұрмыстың көптеген салаларында байқалады.
Мысалы, сіздер мейрамханаға кіресіздер, ал онда подноста ол табиғи ыдыратылатын заттардан өндірілген туралы жазылған. Майлықта да.
Қонақ үйіне орналасасыз, ал бөлмедегі барлық қағаз майлықтар мен даретхана қағазының түстері сұр, сапасыз сияқты. Сіз жанжал шығаруға дайынсыз және де аппақтарын талап еткіңіз келеді, бірақ кенеттен қонақ үйі қайталам шикізаттан, яғни, макулатурадан өндірілген майлықтарды пайдаланатыны туралы мақтанышпен хабарлайды. Сонымен олар Жердегі ормандарды сақтап қалғандарын айтқылары келеді.
Дәмханаға кіресіздер, ал сіздерге нанды картонды табақшаға салып береді. Еске сала кетерлік, дәмхана аса арзандарға жатпайды. Сол кезде сіз олар табақшалардан үнем көріп отырмағаныдарын ұғасыз. Олар ыдыс қайта өндірілуге жіберілетін, яғни, олар табиғи ресурстар сақталынатынын баса айтады.
Немесе тағы бір мысал. Интернет арқылы көлікті жалға аласыздар және көліктің басқа параметрлері арасында (шанақтың түрі, беріліс қорабының түрі және т.б.) атмосфераға шығарылуының көлемін байқап қаласыздар. Мен бірнеше күнге жалға алған көлікпен жүргенімде ол қанша көмір қышқыл газды шығаратынында менің жұмысым жоқ сияқты. Бірақ та, олай емес. Еуропалықтардын көбісі осы параметрге мұқият қарайды және де шығылымы аздау көліктерді таңдайды.
Және соңында. Мені дүкендегі құнарсыз матадан тігілген сөмке таң қалдырды. Таза матадан тігілген, полиэтиленнен емес. Ал онда «Recycle or die» (Өндеп таста немесе өлесің) деген жазуы бар.
Экологиялық сана-сезім еуропалықтардың күнделікті тұрмыстарының көптеген салаларына еніп кеткен және де сонда тамырланған. Ол жақтан бұл тренд басқа да елдерде өріс алады. Әрине, бұл уақыты жеткенде елеулі нәтижелерін береді. Осылайша, қарап тұрсақ, біздің кәрі шешей Жерімізді құтқарып қаламыз.
COMMENTS