Келіссөздер өткізушілердің әр бір командасында «көгершіндер» мен «қаршығалар» бар шығар.
«Қаршығалар» – қатаң, басқыншылық саясатты ұстанатын адамдар. Олар келісімдерде толық жеңісті жақтайды, кез келген сұрақтарда бітіспес көзқарастарын қорғайды. Қандай ымыран болмаса да олар командаға немесе Отанға опасыздық деп санайды.
Ал «көгершіндер» – ол келіссөздерді ынтымақшыл жүргізітендер. Олар мейірімділікті ұстанады және де тараптардың қарым-қатынастары үшін татулық пен өзара түсінушілік маңыздылау деп санайды. «Көгершіндер» ымыраға ынталана келеді. Олар әлденеде жеңіліс тауып, едәуір маңыздыда жеңуге болатынын түсінеді. Олар күшпен ұстанған жолды жаңылыс тактика деп санайды. Оның көмегімен бір шайқасты ғана жеңуге болады, соғысты емес. Жығылған оппонент, бәлкім, ұтылғанымен келісетін де шығар, бірақ кегін ішке сақтап, өшін алу мүмкіндіктерін іздестіреді.
Сондықтан «көгершіндердің» философиясы осындай: артыңда қираған шаһарларды қалтырмай, бақтарды отырғыз. Сенің бұрыңғы дұшпаның досқа айналсын. Өзіңнің жеңісіңде оның да абыройы мен намысына азғантай орын қалдыра көр. Сонда ол сенің арқаңа пышақ сұғып алмайды.
COMMENTS