Бізде, мемлекеттік басқару жүйесінде басшының мәртебесі азаматтардан басым болатыны кәдімгі жағдай ретінде қалыптасып кетті.
Адам саны көп болатын жиналыстың ортасында, тіпті жеке сұрақтар бойынша келген азаматтарды қабылдау кезінде шенеунік: «Кешіріңіз, Премьер министр шақырып жатыр» немесе «Кешіріңіз, бастығым қоңырау шалды» деген сөздермен тұрып кетіп қалуы мүмкін. Ал жиналысқа қатысушылардың барлығында бұл қылық ықыластық қолдауды тудырады: «О, иә, әрине. Егер басшы шақырып жатса, барыңыз, біз осы жерде бірнеше сағат күте тұрамыз немесе жай ғана кетіп қаламыз». Осындай жағдайдың тантушылығына қарсы шығу ешкімнің ойына да келмейді.
Алайда келесіні қайталаудан жалықпаймын: шенеуніктердің иелері және олардың қызметтерін қабыл алушылары азаматтар, яғни біз боламыз, сондай-ақ, олардың барлығы біздің қызметшілеріміз болып саналады. Жоғары атақты қызметкерлерді қосқанда, барлығы, тіпті, азаматтармен кездесуде отырған шенеунікті өзіне шақырып алған басшы да біздің қызметшіміз болады.
Бұл ереже жеке меншік секторда қалайша жұмыс істейді?
Кәсіп иесі клиентпен сөйлесіп жатқан қызметкерінің сөзін бөліп «Дереу маған кіріп кет. Компанияның даму стратегиясын талқылаймыз» деп айтпайтына мен толық сенімдімін. Егер қызметкерге басшысы қоңырау шалғанда және ол клиентпен келіссізде отырғанын айтса, онда дұрыс басшы сол мезетте сөзін тоқтап «Кешір! Қолың босаған соң, маған хабарлас» деп жауап қайтарады. Өйткені кәсіпкер бұл маңызды пирамидада оның басымдылығы клиенттен төмен екенін түсінеді, ол жай ғана клиенттің қызметшісі екенін естен шығармайды.
Неліктен мемлекеттік қызметте барлығы олай емес?
Болашақта Премьер-министр қандай да бір министрді өзіне шақырған кезде, министр оған «Кешіріңіз, мен азаматты қабылдап жатырмын» деп жауап қайтарады, ал Премьер-министр кешірімін сұрап, кешірек келуін өтінеді деп үміттенемін және осындай күнге жеткенімізді қалаймын.
COMMENTS