Кей кезде мынадай сөздердерді естимін:
«Бұл блогер жанжалды оқиғаларды іздеуде жарты елді шарлады. Барлық ормандармен жазық даланы кезді. Сіз оны іс үшін тырысып жүр деп ойлайсыз ба? Қайдағы! Өзі үшін, өзінің даңқы үшін ғана. Ал сіздер болсаңыз, адал алақоржындары сияқты, оған лайк басып, мадақтау сөздер жазып қалдырасыздар. Ол сіздерді қолданып отыр. Өзімшіл!»
«Танымал әнші өз концерттеріне толық стадион жинайды ма? Ол үшін табынушылары төбелесе ме? Оның әндері радио мен тойларда ойнай ма? Сонда не? Ол өз халқы үшін оны істеп жүр деп ойлайсыз ба? Олай емес! Біріншіден, өз танымалдығы мен байлығы үшін. Халық болса, ол үшін бар болғаны, оның концертіне билет сатып алатын және байытатын бұқара топ. Өзімшіл!»
«Қазақстандық спортшы барлығын алаңда жеңіп шықты ма? Халықаралық таблоидтардың жұлдызы атанды ма? Бірнеше миллион доллар қаламақы алды ма? Сонда не? Ол оның барлығын өз елі үшін істеді деп ойлайсыз ба? Ол біз үшін біздің туымызды басынан көтерді деп ойлайсыз ба? Олай емес! Тек өзі үшін ғана тырысады. Қара, қалай экраннан бой көрсетеді. Өз атын кеудесіне керіп қойған! Қаламақысының барлығын Отанына бермес. Көп бөлігін сөзсіз өзіне қалдырады. Түсінікті шаруа. Өзімшіл!»
«Неге сіз бұл кәсіпкерді мадақтайсыз? Жарты астананы салыпты ол! Жүз мыңға жуық отбасыларды пәтерлермен қамтамсыз етіпті! Сонда не? Ол бұл пәтерлерді тегін таратыпты ма? Жоқ, әрине! Әрбір шаршы метрінен пайда тапты! Өзімшіл!»
Осындай сөздерді естігенде, сұрағым келетіні: осы адамдар бізге қандай жамандық жасады? Бізге пайда әкелумен қатар, өздері үшін тырысқандарынан бізге қандай жамандық келеді?
Иә, жүрегінің түбінде әрбір адам өзімшіл. Оған қарсыласу мүмкін емес, өйткені, өзімшілдік басты сезіктің жалғасы. Ол әрбір адамның санасында терең орыналасқан.
Оған қарсыласу одан әрі – ақымақтық.
Иә,блогер өзінің даңқы үшін тырысады, бірақ, сонымен бірге, ол біздің қоғамымыздың кесел жақтарын ашып, жемқорлармен ұрлықшыларды шынайы бетке шығарып, азаматтарымызды тәрбиелікпен инабаттылыққа үйреткеннен қандай жамандық көреміз?
Иә, эстрадалық жұлдыз өзінің танымалдығы үшін тырысады, бірақ оның, сонымен қатар, бізді сауықтырып, көңілімізді көтергеннен қандай жамандық көреміз?
Кәсіпкер, әрине, тегін жұмыс істемейді. Бірақ ол, сонымен қатар, еліміздің материалдық байлығын көтеріп, адамдардың баспаналы болуына мүмкіндік береді, жұмыс орындармен қамтамасыз етеді, салық төлейді. Бұл біздің барлығымызға пайдалы емес пе?
Ал, жоғарғы дәреже ұтып алған спортшы, әрине, біріншіден өзінің абырайы мен мансабын қанағаттандырады. Материалдық үстемақы да алады. Ол, сонымен қатар, біздің Отанымызды әлемге паш етіп, Қазақстанмен сүйсіндіргеннен қандай жамандық көреміз?
Осы барлық айтылған жағдайларда біз және қоғамымыз біреудің өзімшілдігінің мүддесіне жәрдемдеседі. Сондықтан неге біз онымен күресеміз? Неге ұятқа қалдыруымыз керек? Керісінше, оны мадақтап, мақтап, өсіру бізге тиімдірек.
Әрине, бір белгілі шегіне дейін. Біреудің өзімшілдігі қоғамдық мүдделермен бір бағытта болғанға дейін. Одан бізге пайда болғанға дейін.
Мысалы,егер блогер нәсілдік және ұлттық араңдатуды бастаса, оның біздің қоғамға тигізген шовинизмінен келген залалы оның жемқорлыққа қарсы жүргізген күресі зая кетеді.
Егер әнші өзін сахнада лайықты ұстамаса, және әдепсіздік пен арсыздық, менмендікті үлгі ретінде көрсетсе, біз онымен күресіп жүргізіп оның біздің келе жатқан ұрпағымызға жаман үлгі көрестуіне жол бермеуіміз керек.
Егер танымал кәсіпкер өзінің пайдасы үшін еңбекті қорғауды елеңдемей, оның құрылысында адамдар мерт болса, оның пәтерлерінің пайдасы адам өміріне тұрмайтындығын түсіндіру керекпіз. Біз оны жазалау керекпіз.
Егер танымал спортшы спортты тастап, сауықшыл өмір жүргізсе оның не керегі бар бізге? Елге даңқ әкелмейді, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болмайды. Қоғамға пайдасы тимейді.
Сондықтан, өзімшілдік өзімшілдікке ұқсамайды.
Қоғамға пайдалы, дұрыс өзімшілдікті қолдап, залалды өзімшілдікті жақтырмайық.
Сонда ғана қоғамға да, өзімшілдіктерге де пайдалы болады.
COMMENTS