Мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жұмысқа келген салысымен ішкі пошта арқылы барлық әріптестеріме осындай хат жаздым:
«Құрметті әріптестер.
Өзімнің қолдауға деген көзқарасымымен Сізбен бөліскім келеді.
Маған туыстарын, таныстарын және т.б. жұмысқа қабылдау немесе олардың қызметін жоғарлату жөнінде өтінішпен өте көп адамдар келеді
Осындай өтініштерге мен өте жағымсыз қарайтынымды сіздер барлықтарыңыз білгендеріңізді қалаймын.
Өздерінің еңбегімен және білімдерімен ештеңеге жете алмайтын және сондықтан тамыр-таныстықтарын араластырып жіберетін дәрменсіз мамандықтар ғана қолдауға мұқтаж болады деп санаймын.
Бұрыңғы жұмыстарда кейде біреулердің сүйеуіндегі адамдарды жұмысқа қабылдағанмын. Бірақ осындай қызметкерлерге мен ең басынан бастап жағымсыз қарайтынмын, сондықтан олар өздерінің жұмысқа жарамдықтарын жұмысқа еш қолдаусыз түскендерден көбірек дәлелдеу керек болатын.
Сондықтан бірден ескертемін: егер Сіз маған немесе Министрге (ол дәл осындай көзқараста екендігін білемін) өздеріңіздің таныстарыңыз немесе туыстарыңыз арқылы әсер еткілеріңіз келсе, осымен Сіз өзіңізге тек кесірін тигізесіз.
Дұрысырақ жұмыс істеңіз. Жақсы жұмыс істеңіз. Сонда Сіз көзге түсіп қаласыз. Сіз кімнің «командасында» екеніне қарамастан, шыққан жеріңізге қарамастан, ұлтыңыз бен жынысыңыз қандай екендігіне де қарамастан. Жай ғана еңбек етіңіз. Нағыз еңбекқорлар мен кәсіпқойлар әр басшыларға қажет. Әр басшы осындай адамдарға көбірек тапсырмалар, өкілеттіктер мен жоғары лауазым бергісі келеді.
Тамыр-таныстықты іздемей, еңбек етіңіздер».
COMMENTS