Менің жиенім 27 жаста. Тұрмыс құрмаған. Біздің апаларымыз оны отырып қалған қыз деп санайды. Мен олай ойламаймын. Бірақ, ол неге тұрмысқа шықпайтыны жайлы қызығушылық танытамын. Ол өзіне лайықты жігіт таба алмай жүр екендігін айтты.
– Сонда сен кімді күтудесің? – деп сұрадым мен, – Ақ боз ат мінген ханзаданы ма, әлде астында «Bentley» бар миллионерді ме?
– Мүлдем олай емес, – деп жауап қайтарды қарындасым, – Мен үшін байлық басты көрсеткіш емес.
– Ал сонда не?
– Бірінше кезекте, мінезі. Ол нағыз еркек болуы керек.
– Бұл не дегенің?
– Ол шешім қабылдауды, өзіне жауапкершілікті ала білуі керек.
– Білесіз бе, қазір өзіне сенімсіз, еркек сияқты шешім қабылдай алмайтын анасының еркетотайы болып жүргендер көп. Олар әрдайым шешім қабылдауға батылдығы жетпей, күмәнданып, біреуден кеңес сұрайды. Егер жігіт маған: «Мен саған үйленемін, тек анамнан рұқсатын сұрайын» деп айтса, мен үшін ол еркек емес, анасының еркетотайы. Менің ойымша бұндай шешімдерді еркек өзі қабылдау керек.
– Енді түсінікті. Саған қатігез және қатал еркектер ұнайды.
– Олай деп айта алмаймын. Бұл жерде де шектен шығудың қажеті жоқ. Әйелді адам деп санамайтын, оған өзінің қызметшісі ретінде қарайтын дөрекі ер адамдар мүлдем ұнамайды. Мұндай еркектің құлдығына ешқашан бармаспын.
– Сені түсінбейсің! Жігерсіз былжырлар да, қатал еркектер де ұнамайды.
– Қалай сіз түсінбейсіз? Нағыз еркек сыртынан жуас болып, ішкі дүниесі қатал болуы керек. Ол қамқоршыл, ілтипатты, қайырымды бола отырып, шешім қабылдауға келгенде өзіне жауапкершілікті ала біліп, менің көзімше елжіремеу керек. Мен оны құрметтеуім керек. Ол өз мақсатын қойып, оған жете білуі керек. Ол мен және менің балаларым үшін сенімді тіреу болуы керек. Сол себептен біз – әйелдер – интуитивті түрде қуатты еркектерге тартыламыз. Тек күшті еркек үй құрып, мені және балаларымды қауіптілік пен уайымнан қорғайды. Ал көпшілік еркектер бұл тартылысты ақшаның соңынан еру деп түсінеді. Түсінсеңізші, бастысы ақша емес. Ол тек еркектің бұл өмірде әрекет ете алудың көрсеткіші. Бұндай қасиеттерсіз ақша тез-ақ өзімен-өзі кетіп қалады. Мысалы, менің бір танысым бай еркекке тұрмысқа шықты. Кейін, оның әкесін түрмеге отырғызып, оның бар байлығы бір жылда күлге айналды. Ал ол жігіттің қолынан ештеңе келмейді екен. Тек клубтарда қыдырғаны болмаса. Осымен болды. Олардың балдай тәтті өмірі соңына жетті. Екеуі айырылысып кетті.
– Сендер жануарлардың ұрғашылары сияқты. Ең мықтысын таңдайсыңдар…
– Иә. Сол үшін сендер бізге ренжімеу керексіңдер. Бұл түйсік. Мен, мысалы, еркектер әрбір етектің артынан жүргеніне ренжімеймін. Ол да түйсік.
– Жақсы. Еркектерге тағы қандай талаптарың бар?
– Парасаттылық. Маған онымен қызық болу керек. Менің бір танысым бар. Оның күйеуі – жаңа қазақ, елгезек, өзі зейінді. Базар салып, сол арқылы ақша жасады. Үйде ақшалары бар, менің танысым барлығымен қамтамасыз етілген. Бірақ менталды түрде жолдасымен ешқандай байланысы жоқ. Олар тіпті отбасылық шаруалардан басқа ештеңе туралы әңгіме құра алмайды. Менің ойымша, ол оны қымбат әшекей сияқты, оның сұлулығы мен парасаттылығы үшін көпшілік ортасына шығарады. Әрине, ол өзінің интеллектуалды деңгейіне сәйкес келетін еркекті сырттан іздеуде. Мен оның орнында болғым келмес еді.
– Жақсы. Тағы не?
– Менің болашақ жарым әзіл оспақты түсіне білуі керек. Кейді еркек ақылды, алдына қойған мақсатқа жетуден айнымайтын, табысты, бірақ сондай беймазалығы жиіренішті болып кетеді. Ол үшін барлығы дұрыс, бірегей, өте байсалды болуы тиіс. Бірақ ол көңіл көтеріп, дағдылы жұмыстан бір мезетке демалып, таңырқай алмайды. Бұндай адаммен өмір қызықсыз және көңілсіз болады.
– Бұндай толыққанды сипаттағаныңа қарағанда, сенде осындай танысың бар-ау деймін.
– Иә. Бір туысқаным бар. Оның әйеліне де оңай емес.
– Сонымен, өзіңнің таңдауынан тағы не күтесің?
– Осымен, болды-ау деймін.
– Қалай? Ал ұзын бойлы, кең иықты, дене бітімі?
– Иә-иә! Егер де сымбатты жігіт болса, тіпті керемет болар еді. Бірақ, ол қазір тіпті бонус та емес. Егер, мен жоғарыда айтқан қасиеттері болса, оның сырт келбетіне көзімді жұмуға дайынмын.
– Иә. Шынымен, сенің талаптарына сай келетін жігітті табу оңай емес. Мүмкін ондай жігіт табиғатта да жоқ шығар?
– Менің барлық талаптарыма жүз пайыз сәйкес келетін мінсіз жігітті табу болмайтын да шығар. Бірақ, барлық аталған қасиеттерінен аз-аздап болса ғой. Мені жақсы көрсе. Ондай жігіттің артынан қиян шетке дейін барар ем. Оны бар өмір бойы шексіз сүйіп өтер ем.
Жиенім армандап, ойға батты.
Ал мен өз жұмыстарыммен ары қарай бет тарттым. Офиске кіріп, қызметкерлерге тапсырма беріп, әйеліме гүл сатып алып, сондай-ақ қандай да бір тосын сый дайындап, кешке спортзалға барып, шынығуым керек.
Еркек болу оңай деп ойлайсыз ба?
COMMENTS