Мейрамханалардың, фитнес-клубтардың, дүкендердің, сұлулық салондарының алдында мемлекеттік қызметтік көліктерді жиі көріп жүремін. Кейде олардан тіпті мемлекеттік шенеуніктер емес, олардың әйелдері, балалары шығады. Алайда, бізде бұл неліктен қалыпқа айналып кеткен? Мемлекеттік шенеуніктер тіпті қысылып ұялмайды да. Жүргізушілерге кешкі ас аяқталғанша немесе оның шашын ретке келтірмегенше ғимараттың алдында тосып тұруын оп-оңай бұйырады. Осындай құбылыстың апофеозы деп өңкей министрлік қызметтік көліктерден тұратын үйлену тойының салтанатты шеру болып табылады (егер өз көзіммен көрмесем, ешқашан сенбеуші едім).
Бәрі бұны көріп жүр, бірақ ешкім осы қылыққа ашынбайды.
Еуропада мемлекеттік шенеунік өзінің әйелін дүкенге қызметтік көлікпен апарып тастағаны бар сурет үшін ғана жанжал шығарып, жұмыстан шығарып тастаушы еді. Дұрысында, оны орнынан түсуге мәжбүрлеуші еді.
Бізде неліктен осылай емес екен?
Бізде қашан ғана шенеуніктердің өздерінің қызмет баптарына деген көзқарастарының өркениетті мәдениеті пайда болады екен?
Менің ойымша, істің мәні тек қана шенеуніктерде емес, барлық қоғамымызда, сірә. Қоғамдық сана-сезім қызметтік орнын пайдаланып қиянат ету тек қана құқыққа қайшы емес, сонымен қатар ұят екен деген деңгейге жетпегенше шенеуніктірді ауыстыру тіпті мәнсіз.
Жұртшылық осындай қиянат етушілік деректеріне жан ауыртатындай ілтипат білдіру қажет: интернетте фотосуреттерді көрсетіп, өтіріктері шыққан шенеуніктердің тектерін атап шығып, оларды жауапқа тартуды талап етіп.
Әйтпесе ештеңе де өзгермес.
COMMENTS