Шынымды айтсам, осы орасан зор уақиғаға деген өзімнің көзқарасымды қалай тұжырымдайтынымды білмей де тұрмын, өйткені менде ақпарат жоқ.
Бір жағынан, Олимпиада бюджеттен көп шығындарға апарып соғатынын ұғамын. Бірақ қанша? Біреулер осыны біледі ме екен? Маған айтыңыздаршы. Жеке маған ғана емес, оның ақшасы қайда жұмсалатынын білгісі келетін елге.
Ал екінші жағынан, Олимпиада туристтерден түскен табыстарды, әлемдегі танушылықты, елдің мәртебесінің жоғарлауын білдіреді. Бірақ қаншалықты? Біреулер осыны біледі ме екен? Елге айтыңыздаршы.
Біреулер осы екі цифраларды анық және айқын салыстырып, қай жағы басым болғанын айтты ма? Бәлкім, мен құлақ асапаған шығармын? Сілтеме беріңіздерші.
Дұрысында ел үшін маңызды осындай мәселені аз дегенде Парламенткте, ең зоры – азаматтардың көпшілігінің арасында талқылауға шығару керек еді.
Парламентте талқылау қажет, өйткені бұл жоғары заң шығаратын орган кейін 2022 жылдың (және оның алдындағыларды да) бюджетін бекітетін болады. Ал онда Олимпиадаға қатысты шығындар болып тұрады. Енді олар осы шығындарға қарсы қалай дауыс бере алады, егер де Олимпиаданы өткізу туралы түбегейлі шешімді мемлекет атынан Үкімет бұрын қабылдап қойған болса?
Ал азаматтар арасында, ел шешімді қабылдау үрдісіне өздері қатысқандарын сезу үшін, талқылау қажет.
Көпшілік алдында пікірталастарды жүргізу дұрыс болушы еді. Бірінші жақтан Үкімет тарапынан бір сөзуар шықса. Ал екінші жақтан – оппозициядан біреу шықса. Олардың дауларын орталық теледидардың экранына көрсетсе. Азаматтар үшін СМС-арқылы дауыс беру ашып қойса. Берілген дауыстар бойынша қарсы сөйлеушілердің қайсысы сендірерлік болғаны көрінер еді. Және де, үкімет пікірталаста жеңіліп қалып өзінің шешімінен бас тартады деген әлі ақиқат емес. Бірақ дәлелдер мен қарсы дәлелдер азаматтардың көз алдарында болар еді, шешім қабылдаудың үдерісің өзі де ашық және түсінікті болар еді.
Барлық өркениетті елдерде дәл осылай болып тұрады.
Әй, мен не туралы айтып тұрмын өзім?
Қайдағы оппозиция?
Қандай көпшілік алдында өткізілетін пікірталастар?
Бұл, бәлкім, Еуропада көп болғаным маған осылай әсер етіп тұрған шығар.
Кешіре көріңіздер )))
P.S. Олимпиада Алматыда өткізілмейтіні туралы белгілі болды. Бірақ бұл маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау туралы жоғарыда айтып кеткенімнің бәрін өзгертпейді.
COMMENTS