Соңғы келгенімде Миланның қабырғаларында граффити көбейіп кеткенін, одан қала кірлеу, күтім көрмеген сияқты болғанын байқадым. Бір такси жүргізушісінен неге бұлай екенін сұрадым. Ол, таксисттердің бәрі де сияқты, барлық сұрақтарға жауабын біліп тұрғандықтан істің бәрі Миланның қазіргі мэрында екендігі туралы ынталана айтып берді. Бұл мэр жастық шағында өзі де бейресми болыпты және осы қылықпен шұғылданған екен. «Міне, осылай, елестетіп көріңізші, – деді таксиші, – қазіргі мэрдің сайланғаннан кейінгі полицейліктерге бұйрық ретінде қабырғаларда граффити салатын жасөспірімдерге тиіспеу керек деген бірінші жарлығы шығыпты. Осыдан бәрі де басталды, – деп таксиші қапалы айтты. – Енді Миланның тіпті барлық көшелерінде сурет салынған қабырғалар өте көп. Ештеңе етпейді, – деп ол табалап күлімсірді, – келесі жылы мэрді сайлау болады. Менің ойымша, миландықтардың көбі оған қарсы дауыс берер, содан соң бізде жаңа мэр болар».
Ал мен өзімдікі туралы ойланып қалдым. Өздеріне мэр сайлай алатын миландықтардың қалай ғана жолдары болған. Осындай құқық үшін, күл болмаса, бүл болсын, қабырғадағы граффитидің өзін де кешіруге әзірмін.
COMMENTS