Белгілі бір ауылда бір әйел өзінің үлкен ұлымен бірге тұрды. Ұлы ішімдікті көп ішті, сондықтан өзіне жұмыс таба алмады және отбасын құра алмады. Онда барлығы жөнімен болмады.
Бір күні бұл әйел өз ұлын ауылдағы ең құрметті данышпан ақсақалдың алдына алып келді және одан өзінің баласын жөнге салуын сұрады. Онда баласының ішімдікті қоюына ақсақалдың сөзі әсер етеді деген үміт болды.
Ақсақал әйелді тыңдап алды, содан соң, одан ұлын бір айдан кейін алып келуін сұрады.
Әйел осыған қатты таң қалды, бірақ оның айтқанын тыңдап, ұлын белгіленген күні алып келді.
Осы ретте ақсақал жас жігітпен тыңғылықты түрде сөйлесті, ішімдіктің зияны, маскүнемдіктің өміріне әсері, анасының сөніп бара жатқан үміті және т.б. жөнінде айтып берді.
Әңгімелесуден кейін жігіт ақсақалға алғысын айтып, ойға батып, үйіне бет бұрды, ал әйел кідіре тұрып, ақсақалдан неге бұл сөздерді ұлына ана жолы айтпағанын сұрады. Оған ақсақал бір ай бұрын өзі ішімдік ішкенін және соны қою үшін оған уақыт қажет болғанын айтты. Соңында, ол «Мен басқаларды қалай үндеуге саламын, егер өзім сол қағиданы ұстанбасам?»- деп сұрады.
COMMENTS