Жетістікке жеткісі келетін адамдардың екі санаты бар.
Біріншісі, жетістікке жеткендердің тарихын бірден іздейтіндер. Қазақстанның табысты бизнесмені кім? Бұл түсінікті жайт. Прокурордың баласы немесе министрдің күйеу баласы, я болмаса президеттің туысқаны. Сен оларға олай емес екенін дәлелдей бастайсың. Қарапайым мұғалімдер отбасында туған бала өз күшімен аяққа тұрды. Келесі гипотезаға өтейік:ол әрине мемлекеттің тапсырысы бойынша өсті.Менде дәл солай жасай алушы едім.Егер сіз олардан, неге мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстан миллионер болмадың, олар сияқты, бұл соншалықты оңай болса сеніңде қолыңнан келетін еді ғой десеңіз, үндемейді.
Оларға біздің жерлестеріміз Парижден қазақстандық мейрамхана ашпақшы екен десеңіз, күліп: ия, түсінікті, жолы болып бай французға үйленген – бұл оның барлық еңбегінің нәтижесі. Оларға, ештеңе етпейді, ол соған дейін бірнеше жыл ыдыс жуушы, даяшы болып бизнестің төменінен жоғарысына талпынды емес пе. Сенде дәл солай сынап көр, құрығанда қалталы біреуге үйленіп, сосын әлемнің жүрегінен мейрамхана аш,- дейсің. Үндемейді.
Қазақ қызының қалталылардың хатшылары болып жүріп, ресейдің ең ықпалды әйелдеріне айналғаны туралы мақала көрсетсеңіз,ия,түсінікті мансабына жеңіл жолмен қол жеткізді. Солай жалғасын табады.
Өзгелердің өз еңбегімен жеткен жетістігіне, абыройын төмендету үшін тез сылтау табыла қояды. Оларға өз әлсіздігін, қорқақтығын, салғырттығын, еріншектігін осылай ақтап шыққан ыңғайлы.Тер төгіп жұмыс істеп шаршағанша,теледидар алдында сырасын қолтықтап, тіске басарып дәмдеп жатқан артық. Таңертең 06-30 ерте тұрып ,денесін шынықтырып,салқын душ қабылдап, ағылшын тіліне жаттығып, 09-00 де іске кіріскенше, жұмыстың басталуына он бес минут қалғанға дейін ұйқтағаны артығырақ. Өзіне тиесілі қызметтен тыс артығырақ тер төгіп жұмыс орнында кеш батқанғанға дейін кідіргенше,басшымен ұялы байланыс арқылы тапсырылған істі орындап бітіріп еш уайымсыз үйдегі сүйікті төсек орнында барып жатқаны артық. Содан соң, білгіш сымақ болып, мысқыл күлкімен «Әлгі жайлы естідің бе?» «Форбс» тізіміне кіріпті. Бәлкім, әлдебіреудің жиені немесе ұлы болар. Түсінікті жағдай деп бесбармақ дәмді саусақтарын сорып,теледидар алдында бірін-бірі мақұлдап отырады.
Екінші санатты адамдар бар.Бұлар –біреудің жетістігін жылдамдатқыш ретінде қабылдап, ынталанып, шабыттанады ,мысалы:«Егер ол жасай алса, менде жасаймын, – Менің қай жерім кем,-деп ойлайды». Олар одан сайын көп жұмыс істейді. Егер олардың пір тұтатын адамы 06-30 да тұрса, бәріне үлгеру үшін, олар 06-00 тұрады. Егер олардың пірлері артық жұмыс істесе, онда олар демалыс күндері де жұмыс жасайды. Барлық жағдайды солай жасайды.
Сонымен қатар, адамдардың үшінші санаты да бар. Бақыттылар.Бұл адамдар басқаларға қарап,өздерін салыстырмайды. Олар өзгеге назар аудармай, өз мақсаттарына жетуге ұмтылады. Олар тіпті шабыттандыратындарды қажет етпейді. Олар бұл дәрежеден жоғары. Олар тек алға жүреді.
COMMENTS