«Қазақстанның демокартиялық таңдауы» қозғалысының мүшелері арасында Әблязовты пір тұтатындар көп екенін байқадым. Олар оған тамсанады, оның адалдығы үшін ант етеді, ол үшін өз өмірін беруге де дайын. Ол елдің басшысы да болып үлгерген жоқ, қуғынға ұшыраған оппозиционер ғана. Ол билік басына келсе не болады?!
Дегенмен адамдар өзгермейді екен!
Эстрада әншілері мен футбол жұлдыздарына есі кетіп жанкүйер болатындармен қатар бұл адамдарды ұлы қолбасшылардың жанкешті сарбаздарына, патшасына жан-тәнімен берілген құлдарға ұқсатамын.
Қашан біз өзгереміз? Қашан тамсанып, бірақ қорланбайтын, біреудің соңынан еріп, жағымпазданбайтын, қызмет көрсетіп, бірақ жарамсақтанбайтын боламыз? Қашан адамдарды патшаларға және қызметшілерге, құдайларға және құлдарға бөлуді тоқтатамыз? Беделді көшбасшыны өзара тең адамдардың арасынан ең біріншісі деп санайтын боламыз? Өзін-өзі кемсітудің орнына бір-бірімізге адамгершілікпен қарайтын боламыз?
Бұл біздің басты мәселеміз: патшалар емес, құлдар.
COMMENTS