Кейбір сөздермен оғаш метаморфозалар болып жатыр.
Міне, мысалы, «негр» деген зымырсыз ғылыми сөз. Өмір бойы ол негр тектес нәсілді деген мағынаны білдірді. Бұл қорлау да емес және қошемет те емес. Жай ғана фактіні анықтау. Бірақ жоқ, бұл сөзде жасырын кемсітушілік бар деп біреуге көрінді, сондықтан барлық әлемде негр тектес нәсілдің өкілдерін негр деп атауға құқығы жоқ. «Афроамерикандық» деп айту керек. Ал егер ол американдық емес, алжирлік шығу тегті француз болса ше, онда қалай?
Немесе тағы. Жақында ғана «негр» деген сөзді «қара» деген сөзге алмастырылды деп болса керек (әйтсе де, менің ойымша, бұл сөздің бұрыңғы сөзден ештеңесі артық емес). Осы сөзге үйреніп келе жатқанда жаңа тосын сый тап болды: енді «қара» деген сөз де балағатты болып қалды.
Бұл не деген бәле!
P.S. Мен өзім монгол тектес нәсілге жатамын және де бұл жөнінде, «сары» немесе «түрлі-түсті» сияқты сөздер жөнінде еш жасқаншақтамаймын))) Менің нәсілімді атау үшін осы сөздердің қайсысы да болса мені атай беріңіздер (мәнмәтін бұны талап еткен жағдайда).
P.P.S. Дәл осындай метаморфоза «мүгедек» деген сөзбен болып жатыр. Мүгеддектерді осы сөзбен атау әдепсіз болып барады. Біз оларды «мүмкіндіктері шектеулі адамдар» деген ұзын сөз тіркесімен атауға тырысамыз. Ал ол не үшін? Біз бұдан оларға мейірімділеу болып қалмадық қой, оларға көбірек көмектеспедік қой. Ештеңе өзгерген жоқ. Әншейін адамдардың сөздің өзіне деген көзқарасы өзгерді. Меніңше, бұл ақымақтық.
COMMENTS