Оңтүстікафрикалық сардиналар – бұл өлшемі үлкен емес балықтар, олардың ұзындығы шамамен 20 см және салмағы небәрі 100 грамм. Мына көптеген балықтардың қорегі болады: дельфиндер, киттер, ұзынтісшелі тұмсықтылар, суқұзғыштар.
Бірақ ең қызықтысы келесіде. Үлкен көшіп-қону кезеңінде Африканың оңтүстік және шығыс жағалауының бойында шамамен 5 миллиард сардиналар ұзындығы 7 километр, ені 1,5 километр және қалыңдығы 30 метр болатын үлкен топты құрайды. Астана тұрғындары оның қалай болатынын түсіну үшін ені «Байтеректен» «Хан Шатырға» дейін, ұзындығы Министрлік үйінің ғимараты сияқты, «Салтанат Сарайынан» Қабанбай батыр даңғылы бойынша Назарбаев Университетіне дейінгі тұтас массаны елестету керек. Ал Алматы қаласының тұрғындары арақашықтығы Республика Сарайынан Сайран көліне дейін, ені Республика Сарайынан 28 панфиловшылар Паркіне дейін, қалыңдығы Тәуелсіздік Монументі сияқты болатын үлкен топты елестету керек.
Осындай тұтас масса жағалаудың бойымен бірнеше күн жүзеді. Соған байланысты бұл жерге жүздеген дельфиндер жиналады. Олар топтың шағын бөлігін қағып алып, сол бөліктің сардиналарымен басқа сардиналардың көзінше асықпай қоректенеді. Киттер бар екпінмен топқа соғылып сардиналарды тонналап жұтады. Жоғарыда ұшып жүрген құстар суға сүңгіп сардиналарды бәліштің бір бөлігін алғандай судан шығарып алады. Жалпы бұл балықты қалайтындардың барлығы жей алады.
Сардиналар – бұл қарапайым тіршілік иесі. Олардың өзіндік тактикасы мен стратегиясы болмайды. Әр балықтың мақсаты – тірі қалу, өзін құтқарып қалу, сондықтан олар жай ғана топтың ішіне қосылады және «Бүгін мені емес басқа біреуді жейді. Менің бүгін жолым болады» деген оймен өздерін тыныштандырады.
Егер де сардиналар арасында байланыс болғанда, егер олар бр-бірімен қарым-қатынас жасағанда, егер олардың арасында жетек ететін көшбасшылары болғанда, онда сардиналар қоректен қауіпті күшке айналушы еді. Қалжын болса керек, олардың жалпы салмағы 500 мың тонна. Басқа жәбірлеушілердің салмағын айтпағанда, олардың салмағы ең ірі көк киттің салмағынан 2,5 мың есе көп. Егер сардиналар біріксе, олар китті қоршауға алып, оны өз салмағымен көтеріп, жағалауға шығарып тастаушы еді. Сүңгіген құстарды тығыз массасымен қоршап оларды сыртқа шығармаушы еді. Ал бірнеше минуттан кейін құстар тұншығып қалатын еді.
Сонда сардиналар өзінің кез-келген жауына қарсы тұра алушы еді. Бірақ… олар ұйымдаса алмайды, олар біріге алмайды. Сондықтан олар басқалар үшін қорек болып қала береді.
COMMENTS