Әр қоғамда сияқты, Қазақстанда да байлық пен абырой туылған кезде тиетін адамдар бар. Олар миллионерлердің, сауық-жұлдыздардың немесе саясаткерлердің балалары. Оларды «шахзадалар» деп атауға болады.
«Шахзалардың» олжалы бастапқы жағдайлары көбінің ашуын келтіреді. Өзінің қолымен немесе миымен әлі де ештеңе істемей, оларда әкелерінің миллиондары немесе аналарының даңқы сияқты белгілі бастапқы қаражаттары болғаны әділетсіз көрінеді. Әрине, жаңа миллиондарды миллиондаған долларға немесе табынушыларға қосу олар үшін оп-оңай болар. Бірақ әділеттік «шахзадалар» олардың ата-аналарының еңбектері мен марапат екенінде ғой. Ата-аналар өздерінің балаларының ауқаттылықтары үшін өмір бойы тырысқан, және де олар соны алды. Оларды осы бақыттан айыру олар өздеріне деген әділетсіздік болады. Сондықтан «шахзалардың» бар болғандықтары алдында бой ұсыну қажет, оларға субъект ретінде емес, біреулердің іс-қызметінің өнімдері ретінде қарау керек деп ойлаймын. Олар өздерінің еңбегімен «патша» болуға лайық екендіктерін дәлелдеген кезге дейін.
Бірақ, ерекше халықтың құрметімен «сэлфмэйдтерді» мақтауға түрарлығы сөзсіз. Бұл адамдар, қарапайым отбасыларда туылып, өмірдегі барлығына өздері қол жеткізді. Нақ оларды қоғамдық пікірдің құрмет тұғырына дабырайту қажет. Олар мақсаткерлік пен жігерліліктің үлгісі болулары қажет, ал билік үшін олар еліміздегі мүмкіншілдіктердің теңестігінің көрсеткіші болу қажет.
Тәуелсіздік жылдары бойы біз табыскерлік-Олимптың шыңына көптеген «сэлфмэйдтердің» шығуына куәгер болдық.
Мысалы, Нұрлан Смағұлов, «Astana Motors» компаниясының және «Mega» сауда орталықтарының жеке меншік иесі. Ол бизнесін студент бола тұра, ешкімнің қолдауынсыз, бастаған. Қазір ол миллионер және де елімізде әйгілі табыскер.
Рақымбаев Айдын, «BI Group» компаниясының негізін салушыларының бірі және де басқарушысы. Бір кездері ол ауылдық құрылыста қарапайым балташы ретінде қызметін бастаған, ал қазіргі күні оның компаниясы – жылына бірнеше тұрғын кешен салатын Астанадағы ірі салушы.
Василий Самойлович Розинов, «Иволга» компанияларының топтарының меншік иесі. Өзінің еңбек жолын ұжымшардың агрономы ретінде бастаған. Ал бүгінгі күні ол Қазақстандағы егіндік жерлердің ірі қожасы.
Дәл осы адамдармен біз мақтануымыз және балалрымызға үлгі ретінде көрсетуіміз керек. Осы өмірде ықылас пен жігерліліктің арқасында бәрі мүмкін екендігін дәлелдейді. Ал егер үнемі «шахзадаларға» ишара жасай берсек және өмірде біреудің сәті болды деп күңкілдей берсек, күңкілдеу мен пайдасыз қызғаныштан ештеңеге қол жеткізе алмаймыз.
P.S. «Шахзада» деген ұғым мемлекеттік шенеуніктердің балаларына қатысы болмау қажет. Лауазымдар мұрағат ретінде берілмеу қажет. Олар тек қана «сэлфмэйдтерге» берілу қажет, олар жоғары лауазымдағы шенеуніктердің балалары болып тұрса да.
COMMENTS