Баяғыда Петропавлдағы бір жағдай мені қатты таң қалдырды. Жергілікті жастардың қасында отырдым. Олар футболдан бір халықаралық жарыстың нәтижелерін қызу талқылап жатты. Сосын біреуі маған: «Біздікілер тағы бір ойынды жеңсе, топтан шығамыз!» ,-деді. Мен таңданып «Қалайша? Біз жеңіліп, ешқайда шыққан жоқпыз ғой»,- деп жауап бердім. Ол болса: «Міне! Біз екінші орында тұрмыз ғой!» , -деп телефонындағы Ресейдің тобы мен туын бетіме басты. Осы сәтте екеуміз де жағдайды түсініп, ыңғайсызданып қалдық.
Иә, бұл жастар Ресей құрамасын «біздің құрама» деп атайды. Олар өздерін Ресей азаматтары ретінде сезінеді. Олар Қазақстан жайлы аз білсе де, Ресейдегі жаңалықтардан хабардар. Олар қазақ тарихы мен мәдениетін танығысы келмейді. Олар тек орысша сөйлейді, қазақ тілі оларға қажет емес. Олар мектептен кейін Ресейге оқуға түсіп, сол жақта қалуды армандайды.
Сонымен бұл жастар кімдер?
Қай елдің азаматтары?
COMMENTS