Басқа адамдардың жетістіктері туралы естігенде көптеген адамдарда қызғаныш пайда болады.
Кейбір адамдарда қызғаныш көре алмаушылықа ұласып, мазасын қашырады. Тіпті олар өздерін жолы болмаған бейшара сезіне бастайды. Ары қарай олар жетістікке жеткен адамның бойынан кемшілік іздей бастайды. Кемшілік таппаса, ойлап табады. Нәтижесінде мынадай қауесет сөздер пайда болады: «Менің осындай қайын атам болса, мен де миллионер атанар едім! Осы еврейлердің жүрмейтін жері жоқ! Бір бастықтың тоқалы болған ғой шамасы, әйтпесе ондай ақша қайден келсін?».
Бірақ көңілін көре алмаушылық билегендердің жаны бәрібір тыныштық таппайды. Алға ұмтылудың орнына, олар бар қайратын босқа шығындап, әбден қажып, жүйкелерін жұқартады. Біреуге ор қазам деп, ақыры өздері түсіп тынады.
Біреудің жетістіктерін басқаша қабылдайтын адамдар да бар. Олар жетістікке жеткен адамды көрсе: «Оның қолынан келсе, менің де қолымнан да келмей ме? Менің қай жерім кем? Демек менің көбірек еңбектеніум керек, сонда мен де жетістікке жетемін!» деген қызғаныш пайда болады. Болмаса да, ұқсап бағуға тырысқан адамда ынта мен талап алға жетелейді. Бұл адамдар басқалардың жетістіктерін үлгі ретінде қабылдап, өздерін қамшылай түседі.
Бұл сезімдер сізге таныс па?
Таныс болса, қайсы сізге тән?
COMMENTS