Адамдар сылтаулар іздейтіндерге және мүмкіндіктер іздейтіндерге бөлінеді.
Біріншілер ЖОО-ға түспейді, өйткені оқытушыларды сыбайласқан деп ойлайды және білім емес, пара беру қажет деп санайды. Екіншілер сабақты жаттап оқиды, экзамендерді өз күшімен тапсырады, егер де бірінші реттен түспесе, қайтадан тапсыра береді, өзінің дұрыстығын дәлелдейді және оқуға түседі.
Біріншілер жұмыс таба алмай жүреді, өйткені олар жұмыскерлерді таныстық арқылы, төсекке жату арқылы немесе тиімсіз шарттарға байланысты алатынына сенімді. Екіншілер алған бетінен қайтпай, бір жұмыс берушіден екінші жұмыс берушіні аралаудан жалықпай жүреді, егер жанына жақын жұмысты таппаса, онда төмен қызметтегі жұмысқа барады, өзін жақсы жақтан көрсетеді, мансап баспалдағымен көтеріледі, жетістіктерге жетеді.
Біріншілер үйлене алмайды тіпті қызбен таныса да алмайды, өйткені жақсы қыздар қалмаған, бар болса, оларды қолжетімсіз деп санайды. Екіншілер өзінің арманындағы қызды іздейді, тапса, кері қайтпайды, махаббатқа жауапты жылдар бойы күтіп, дегеніне жетеді.
Біріншілер спортпен айналыспайды және кешкі уақытын сыра құйылған саптыаяқпен бірге теледидардың алдында диванда отырып өткізеді, өйткені бүгін «жүгіру үшін ауа райы жаман», «кеуденің сол жағы аурып тұр» немесе «жұмыста қатты шаршадым». Екіншілер өз жалқаулығын жеңіп кез-келген жағдайларда, кез-келген жерде, тіпті демалыс кездерінде, іссапарда немесе түрмеде де спортпен айналысады.
Біріншілер өзін жетілдірумен айналыспайды, жаңа кітаптарды оқымайды, өзіне жаңа білімдер ашпайды, өйткені онсыз да бәрін біледі және кешкі уақытын мағынасыз сериалдарға құртады. Екіншілер кәсіби және рухани жағынан үнемі дамып келеді. Олар үнемі кітап оқиды; кітап жоқ болса курстар мен тренингтерге барады; егер сәйкес курстар табылмаса, олар пайдалы ақпаратты ғаламтордан тауып алады.
Егер адам бірденені жасағысы келмесе, онда ол соны жасамау үшін мың сылтау тауып алады. Егер адам бірденені қаласа, онда ол осыны жүзеге асыру үшін мыңдаған мүмкіндік тауып алады. Мәселе жағдайда емес, ықыласта болады.
COMMENTS