Все статьи с тегом "#мемлекет"

Шығыс менталитеті

Орын алған жағдайларға байланысты мен 2017 жылы Оңтүстік Кореяда шамамен бір ай тұрдым.

Менің не айтқым келеді?

Бұл ерекше шығыс менталитеті бар, әдеттегі азиялық мемлекет. Мұнда үлкендерге құрмет көрсетіледі, отбасылық құндылықтары жоғары болады, ұжымдық мәселе жекеге қарағанда маңызды болып саналады, мінездері пуритандық емес, бірақ шектен тыс тәртіпсіз де емес. Жалпы айтқанда, бұл Сізге Еуропа емес. Бірақ…

Соған қарамастан, Оңтүстік Корея …

Read more
Comments: 0

Табынудағы бәсекелестік

     Неге өктемшіл көшбасшының айналасы уақыт өте келе жағымпаздарға және жантық адамдарға айналады? Неге бұл үрдіс геометриялық прогрессияда дамып жатыр?

     Барлығы оп-оңай.

     Өктемшілік қоғамда мемлекет басшысы биліктің негізгі көзі болып саналады. Халық емес, ол болады. Ол келесі барлық игіліктерді бөледі: жоғары мемлекеттік лауазымдар, ұлттық компаниялардағы қаржылық ағымдар, мелекеттегі табиғи ресурстар. Сондықтан қоғамдағы жоғарғы жағдайға жетудің …

Read more
Comments: 0

Менің қиялымдағы мінсіз Қазақстан мемлекеті

Саяси тұрғыдан – демократиялық мемлекет.

            Депутаттарды, әкімдер мен соттарды сайлау арқылы халықтың билікке нақты ықпалы бар. Мемлекетте оппозиция бар және қолдауға ие. Қос партиялы жүйе орныққан және олар халықтың дауысы мен қолдауына ие болу үшін үнемі таласқа түседі. Жеңіске жеткен партия көшбасшысы президент атанады, бірақ екі мерзімнен аса билікте отыра алмайды. Белгілі бір жеке …

Read more
Comments: 0

Клиент басшыдан да маңызды

Бізде, мемлекеттік басқару жүйесінде басшының мәртебесі азаматтардан басым болатыны кәдімгі жағдай ретінде қалыптасып кетті.

Адам саны көп болатын жиналыстың ортасында, тіпті жеке сұрақтар бойынша келген азаматтарды қабылдау кезінде шенеунік: «Кешіріңіз, Премьер министр шақырып жатыр» немесе «Кешіріңіз, бастығым қоңырау шалды» деген сөздермен тұрып кетіп қалуы мүмкін. Ал жиналысқа қатысушылардың барлығында бұл қылық ықыластық қолдауды тудырады: «О, иә, әрине. Егер басшы шақырып …

Read more
Comments: 0

Авторитарлық басшының кетуі

       Мемлекеттің авторитарлық басшысы аяқ астынан биліктен кетсе, елдегі жағдай бірден жақсы жаққа өзгере қоймайды.

       Көбінесе билікке бұрынғы басшының айналасындағы адам немесе алдын-ала даярлаған мұрагер келеді, кейде кездейсоқ біреудің билікке ие болып кетуі де мүмкін. Бұл жағдайларға тарихтан да, жақын көршілермізден де мысал келтіруге болады.

       Авторитарлық президенттің айналасында болған адам билікті қолына …

Read more
Comments: 0

Жұлдызды «крышалар»

             Былтыр жазда Францияда бір орыс эмигрантымен таныстым. Есімі – Сергей, жасы 50 асқан, ауқатты адам. Бірақ Франция азаматтығын алмақшы.

            – Қоныс аударуыңыздың себебі неде?, – деп сұрадым.

            – Былай ғой, Марат, қазір мен сияқты бизнесмендерге Ресейде тұру мүмкін емес. Жағдай тым қиындап …

Read more
Comments: 0

Үлкен мекеменің кішкентай хабаршылары.

     Бірде ауылшаруашылық министрінің бір қызметкері журналистер алдында артық сөйлеп қойып, үлкен жанжал шықты. Бұл жағдайды барлық газеттер мен телеарналар іліп әкетті. Әрине жанжалдың бар салмағы министрге түсті. Кейін ол мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын ойластырды. Біреулер қызметкерлердің ақпарат құралдарымен кез келген байланысына тиым салып, хабарламаларды тек баспасөз қызметі арқылы беруді ұсынды. Бірақ министр басқа жолды таңдады. Барлық қызметкерлердің …

Read more
Comments: 0

Қазақстандағы қоғамдық пікірдің эволюциясы

1970 жылдар. Республикада социализм. Барлық зауыт-фабрикалар, совхоздар мен ет комбинаттары, дүкендер мен дәріханалар мемлекет меншігінде. Қоғамдық пікір осы экономикалық құрылымның дұрыстығы мен мәңгілігіне сенімді.

1985 жыл. Қайта құру келді. Биік мінберден социалистік экономика мен авторитарлы саясаттың заманы өтті деген ұран тасталды. Қоғамдық пікір өмір сүру қалпын өзгерту қажеттігін сезінді. Қоғамда демократияландыру басталды, пікірлер әр алуандығы, парламенттердің сайлануы. Жеке меншікке басымдылық …

Read more
Comments: 0

Кедендегі сыбайлас жемқорлық

Қазақстандық кеденді сыбайлас жемқорлық жанжалдары жиі дүрліктіреді.

Менің ойымша, бұл жеке адамдардың емес, жалпы жүйенің мәселесі.

Қандай да бір лауазымға кімді тағайындаса да, белгілі бір  уақыттан кейін қылмыстық іске араласып немесе өзінің схемасын құрады.

Мәселенің түп-тамыры мемлекеттің саяси жүйесінде.

Сыбайлас жемқорлық демократиялық емес авторитарлық режимде кең орын алады.  

Авторитарлық құрылымда шенеуніктер сайлаушылардан емес, жоғарыда тұрған шенеунікке тәуелді, оларға ашық …

Read more
Comments: 0

«Халявный» ақша.

           Қазақстан Үкіметі барлық азаматтарға шартсыз төлемдер енгізуді қарастырып жатыр. Бұл жасына, жұмысбастылығына, әл-ауқатына қарамастан еліміздің әр азаматына ай сайын бюджеттен белгілі бір сома беріліп отыратын болады деген сөз. Жай осы елдің азаматы болғаны үшін ғана.

            Мен бұған қарсымын.

            Себепсіз ақша таратуға жол бермеу …

Read more
Comments: 0