Все статьи с тегом "#мемлекет"

Таптық жеккөрушілік.

Әли кедей отбасында дүниеге келген. Ол бала кезінен ата-анасының жалдамалы пәтерлерде жатып, әрең күн көргенін есіне алды. Сондай-ақ әкесі мен анасы айдың әр бірінші күнінде пәтер үшін ақы төлеу керетіндіктен иесін қорқынышпен күткендігін, және оны қанішер, паразит деп атағанын есіне тұсіреді. Ал бір күні иесі ақша алуға келгенде ,оған көп балалы отбасы ештеңе төле алмаған кезде әкесі үй иесімен төбелесіп …

Read more
Comments: 0

Адамдардың пікірлері экран пиксильдері ретінде

Мен өзімді белсенді өмірлік ұстанымы бар азамат деп санаймын, әрқашан маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша өз көзқарасымды, өз ұстанымымды білдіремін. Егер маған бірдеңе ұнамаса, мен онымен күресемін, егер оны ұнатсам, мен оны қолдаймын.

Достар мені әрдайым түсіне бермейді, олар: бұл саған не үшін керек? Неге сонша күшіңді, жүйкеңді, уақытыңды жұмсайсың? Бұл елде, әлемде нені өзгертеді? Үндемей өмір сүру оңай емес пе?».…

Read more
Comments: 0

Жоспарланған экономика мен нарықтық хаос арасында тиімділікті іздеу

Мен қалада жабылып жатқан дүкендерді, мейрамханаларды, кафелерді, шаштараздарды жиі көремін. Үлкен шығынға ұшыраған осы нүктелердің иелерін шын жүректен аяймын. Мен осындай банкротқа ұшыраған компаниялар туралы ойлаған кезде, менің жүрегім қанға толады. Қанша ресурстар, ақша, күш жұмсалды. Бұл кәсіпкерлерге үй-жайларды жалға алу және жөндеу, қызметкерлердің жалақысы, жарнама шығындарын ешкім қайтармайды. Жалпы ұлттық өнімнің белгілі бір бөлігі жойылды. Біздің бүкіл еліміз осы …

Read more
Comments: 0

Шет елдің азаматтары.

       Баяғыда Петропавлдағы бір жағдай мені қатты таң қалдырды. Жергілікті жастардың қасында отырдым. Олар футболдан бір халықаралық жарыстың нәтижелерін қызу талқылап жатты. Сосын біреуі маған: «Біздікілер тағы бір ойынды жеңсе, топтан шығамыз!» ,-деді. Мен таңданып «Қалайша? Біз жеңіліп, ешқайда шыққан жоқпыз ғой»,- деп жауап бердім. Ол болса: «Міне! Біз екінші орында тұрмыз ғой!» , -деп телефонындағы Ресейдің тобы …

Read more
Comments: 0

Игі саяси күш

Оппоненттерін жек көрмейтін, оларды саяси сахнадан шеттетуге немесе құртып жіберуге тырыспайтын, байланыс арналарынан шеттетпейтін, әлеуметтік желілерде бұғаттамайтын, сынды қабылдай алатын, оған өкпелемейтін, келісімге келе алатын және ынтымақтаса алатын, оларды «террористер», «популистер», «алаяқтар», «жалған оппозиция», «бесінші колонна», «шетел агенттері» немесе «Ақорда агенттері» деп атамайтын саяси күшке сеніп, соңынан еруге дайынмын.

Қазақстанда ондай саяси күш бар ма?…

Read more
Comments: 0

Полиция қызметкерлерінің түсірілімі.

          Сеулда мемлекет президенті Пак Кын Хе ханымның импичментіне байланысты орын алған жаппай тәртіпсіздіктің еріксіз куәгері болдым.

          Бір маңызды затты байқадым. Шерушілердің полиция қызметкерлерімен ұрыс-керісі кезінде полицейлік киім киген көптеген адамдар әр жанжалды, әр қақтығысты камераға түсіріп отырды. Осыны көру мен үшін үйреншікті емес болды. Негізі біздің полиция қызметкерлеріміз камералардан, жалпы …

Read more
Comments: 0

«Патшалар» және «көсемдер»

       Диктаторлардың екі түрі болады.

       Бірінші – бұл «патшалар» немесе «хандар».

       Олар билікте ұзақ отырып, барынша пайдаға кенеліп қалуға тырысады. Олар елдегі ең бай адамдар атанып, ағайын-туысы мен таныс-тамырлары «Forbes» тізімінен ойып тұрып орын алады. Ең қымбат яхталар, ұшақтар мен қайықтар да олардың меншігінде болады.

       Жиған байлығы өзімен қоса …

Read more
Comments: 0

Таза салықтар

          Таяуда бір кәсіпкермен әңгімелесіп, біраз қызық дүние естідім.

           – Мен мемлекетке барлық салықтардыы төлеуге дайынмын. Біздің салықтар соншалықты жоғары да емес. Бірақ бір шартым бар: салықтарды барлығы төлеу қажет. Мен бұны еліме қатты жаным ашығандықтан емес, қара басымның қамымен айтып отырмын. Мен салықты толық төлеп, ал менің бәсекелестерім төлмесе, осы …

Read more
Comments: 0

Әкімдердің қол жетімсіздігі.

     Бірнеше жыл бұрын мен бір облыстың әкімімен кездесуге бардым. 

     Міне былай, оған барар жолда мен төрт (!) тосқауылды санап шықтым.

     Бірінші тосқауыл мені әкімдіктің ғимаратының кіре берісінде тосып тұрды (айтпақшы, адамдар әкімдікке бүйір жақтағы есіктен кіреді; орталық кіре беріс жабық тұр және тек қана үлкен қонақтарды қарсы алу үшін ашылады). Бұл сол бүйір кіре …

Read more
Comments: 0

Техникалық даму немесе жұмыс орындары ма?

     Бір жолы Үкіметтің қабырғаларында мәжілістердің бірінде өте қызықты пікірталас болды. Салалық министрліктердің біреуі өзінің мақсаттық көрсеткіштеріне жету үшін жаңа технологияларды енгізу жоспары туралы баяндады – еңбек өнімділігін 2 есе арттыру, яғни өнімнің дәл сол көлемі адамдарың екі есе аз санымен өндіріледі.  

     Басқа министрлік, жұмыспен қамтуға жауапты, бұнымен келіспеді, өзінің көрсеткіштеріне – жұмыссыздықты төмендету –  қайшы …

Read more
Comments: 0