Все статьи с тегом "#қоғам"

Шенеуніктерді шошытпаңыздаршы

Астана әкімінің орынбасары және вице-министр болып қызмет атқарған кезімде демалыс күндері отбасымен қалаға шыққан кезде кейбір өткен-кеткендер мені танып, таң қалып қарағандары есіме түсті. Оларды «осындай адамдар күзетсіз» жүргендері өте таңдандыратын! )))

Ал маған ылғи да мінез-құлықтың демократиялық стилі қадір тұтқызатын, мысалы, ФРГ Канцлері Ангела Меркель жұмыстан шыққаннан кейін көшеде тоқтап, қазақстандық туристтермен әңгімелесуі мүмкін (шынайы дерек) немесе Лондонның мэрі …

Read more
Comments: 0

«Тойға шақырылған генералдар»

Жоғары қызметтегі жас шенеуніктерге қарап отырып, кезінде өзім де олар сияқты болған қалымды есіме түсіремін. 

Қазір ғана жоғары қызметке тағайындалғаны. Жолдастар мен таныстардың құттықтаулары. Туысқандардың мақтануы. Барлық шаралардағы назар.

Дәл осы сәтте олардың өмірінде бір жаңа құбылыс пайда болады: шараларға «тойға шақырылған генералдар» ретінде шақырулар. Алғашқыда бұның бәрі шынайы болып көрінеді. Жақын достарың шақырады. Сен барасың, өйткені сен үшін олармен …

Read more
Comments: 0

Бостандықтың несі жақсы?

Тежеулері, шектеулері, цензурасы аз болған еркін қоғамда көптеген ойлар, сөздер, идеялар пайда болады. 

Ал неғұрлым идеялар көп болса, соғұрлым таңдаулар мен бәсекелестіктердің соғысында идеялардың ең жақсыларының түрткілеулерінің  ықтималдығы көбірек. 

Сондықтан да еркін қоғамдарда ең жақсы көліктер, компьютерлер, телефондар, суреттер, фильмдер  туындаған.

Бостандық  таңдауды туындайды, таңдау ең жақсысын қалдырады.…

Read more
Comments: 0

«Совок» дегеніміз не және ол қайдан пайда болған?

«Совок» деген сөздің өзі «советский» (кеңестік) деген сөзден пайда болған, және осы сөзбен бұрыңғы Кеңес Одағының азаматтарына тән өмір салтынының, сонымен қатар ой-пікірлерінің ең жағымсыз жақтарын танытады.

Міне, менің ойымша, «совоктың» негізгі қасиеттері және олардың пайда болуын түсіндіруім.

Таптық жақтырмаушылық.

Таптық жақтырмаушылық, сөзсіз, «кеңестік социалистік» өткен өмірден басын бастаған. Біз 70 жыл мемлекеттік саясаты «еңбек адамдарының» – жұмысшылар мен шаруалардың …

Read more
Comments: 0

Ұжымшар (колхоз)

Балалық кезімде мен әр жазды әжемде ауылда өткіздім. Ол жалғыз тұрды (атам соғыста қайтыс болған), ал мен оған көмектескен болған сияқтымын. 

Бір уақиға есте қалды.   

Бір жолы түнде әжем арбаны жекті де біз егістіктің бір жеріне бардық.   «Шөпке», – деп ол маған түсіндірді.  Біз егістіктегі үп-үлкен маяларға жеттік, араларды алдық және жапырыла өзімізге биіктігі бір қабатты үй сыйяқты үп-үлкен …

Read more
Comments: 0

Даналардың «сүйісулері»

«Сүйісіп тұрған» Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постер бойынша шыққан жанжалды ұзақ байқап отырдым. Өзімнің де пікірімді білдіргім келді.    

Бұл сурет неліктен көптеген қазақстандықтарды аяқтарынан тік тұрғызды? Неліктен кейбіреуі сотқа шағымданып, миллиондық сомадағы өз басына келтірілген рухани залалды өтеуді талап етті?

Ұлы классиктерді гомосексуалисттермен еріксіз теңестіру олардың сезімдерін қорлаған екен.

Қорлапты!

Бұл оқиғадағы негізгі болған осы сөз екен. Ызаланған …

Read more
Comments: 0

Жеке меншік компаниялардағы сыбайлас жемқорлық

Міне біз шенеуніктерге шағымданамыз, оларды сыбайлас жемқорлықта кінәлаймыз, ал олар – барлық біздің қоғамымыздың нақты бейнесі ғой.

Жақында бір бизнес-орталықтың басқарушысымен сөйлескенмін.  Олардың ортасында сыбайлас жеморлық мемлекеттік органдардан да осал емес деп айтты. Жалға алушылар бизнес-орталығына кеңсені жалға алу бойынша келісімдерге келгенде басқарушыға дәл сол сәтте «әділ жалгерлік ақы» үшін пара ұсынады екен. Сонымен қатар, хабарлама бойынша мердігерлер немесе жеткізушілер …

Read more
Comments: 0

«Мейірімді» насихат

Кеше Бурабайға апаратын жолда жол маңындағы аялдамада су сатып алу үшін тоқтадық. Менің жолсеріктерім дүңгіршекке кетті, ал мен көлікте қалдым. Оларды тосып отырдым.

Менің алдымда артқы көлеңкелі терезелері бар көлік тұрды. Бәлкім, онда да өздерінікін тосып отырған сияқты. 

Кенет артқы терезеден жаяужолға ылғал майлық ұшып түсті де терезе жабылды. 

Маған бұл ұнамады.

Не істеу керек? Бұл адамдарға өзін өзі  бұлай …

Read more
Comments: 0

Тілдерге қысым жасамау

Қазақстанда еш уақытта ешқандай тілдерге қысым жасалмау қажет. 

Біздің көшелерімізде қазақ, орыс, ағылшын, украин, араб, түрік және де басқа тілдердегі үн шығып тұрған жағдайды мен мінсіз деп санаймын. 

Мен – тек қана жақтаймын!

Бірақ… талқылап көрелік. Қазір Қазақстанда қай тілге қысым жасалады?

Соңғы ең резонансты оқиғалардың мысалдарын келтірейін.

2013 жылдың қаңтар айында Павлодар қаласының тұрғыны Руза Бейсенбайға «Сулпак» жүйесінің дүкендерінің …

Read more
Comments: 0

Қызмет бабы

Мейрамханалардың, фитнес-клубтардың, дүкендердің, сұлулық салондарының алдында мемлекеттік қызметтік көліктерді жиі көріп жүремін. Кейде олардан тіпті мемлекеттік шенеуніктер емес, олардың әйелдері, балалары шығады. Алайда, бізде бұл неліктен қалыпқа айналып кеткен? Мемлекеттік шенеуніктер тіпті қысылып ұялмайды да. Жүргізушілерге кешкі ас аяқталғанша немесе оның шашын ретке келтірмегенше ғимараттың алдында тосып тұруын оп-оңай бұйырады. Осындай құбылыстың апофеозы деп өңкей министрлік қызметтік көліктерден тұратын үйлену …

Read more
Comments: 0