Еуропада веган болу сәнге айналғанын байқадым. Вегандық – бұл тек жануар етінен толық бас тарту ғана емес, жалпы өмірлік философия сияқты. Вегетериандықтар жануарларды тамақ пен киім үшін өлтіруге қарсы болса, вегандар бұдан да күрделі көзқарасты ұстанады. Олар жануарлардың тіршілігіне қажетті өнімдерді пайдалануға да қарсы. Мысалы, сиырдың сүті бұзауына, тауықтың жұмыртқасы балапанына қажет болғандықтан, бұл өнімдерді пайдалануға болмайды. Сондықтан нағыз вегандар ет, сүт, жұмыртқа, ірімшік, бал сынды тағамдардан да бас тартады. Сәнді құбылысты байқап, вегандардың көңілін табуға тырысқан тамақ өнеркәсібі бізге бала кезден дәмі таныс көптеген азық-түлік өнімдерін өсімдік компоненттерінен жасауға бейімделіп алды. Мысалы, еуропалық супермаркеттерде «соя сүтінің», «тофу бифштексінің», «кокос майының» және т.б.б түр-түрін кездестіресіз. «Starbucks» сынды озық орындарда соя, кокос, миндаль сүті қосылған кофе ұсынуда. Вегандық қазанынан ет түспейтін қазақтарға да жетуі мүмкін. Бірақ вегандықтың негізі оның ұстанымында жатыр: себепсіз жануарларды өлтіруге тиым салу, аң терісін киім жасауға қолданбау, мал етінен бас тартып, өсімдіктен жасалған тағамдарды жеу. Ал біз мұндайға дайынбыз ба?
Comments: 0
+1
0
COMMENTS