Жақында өзім үшін бір формуланы шығардым: «Жолдар – ол мемлекеттің бейнесі, ал автокөліктер – азаматтардың бейнесі».
Егер мемлекетте жолдар да, автокөліктер де жаман болса, тәрізі, бұл кішкентай бюджетті және кедей халайығы бар мемлекет болар.
Егер жолдары жақсы болып, автокөліктері жаман болса, бұл, тәрізі, өкіметтік билігі мықты, ал азаматтарында кәсіпкерлік бостандығы жоқ тоталитарлық мемлекет болар.
Егер жолдары жаман, ал автокөліктері жақсы болса, бұл, тәрізі, капитализмнің жолына түскен, бірақ жемқорлықтан әрі арылмаған жас дамушы мемлекет болар.
Егер елде жолдары да, автокөліктері де жоғары сапалы болса, бұл, тәрізі, көбінесе жоғары дамыған, нарықтық экономикасы және ерікті азаматтары бар бай ел болар.
COMMENTS