Жақында бос қызмет орынға келген үміткерлердің іріктеуін жүргіздім.
Келесі статистиканы байқадым. Жұмысқа қабылданбаған үміткерлердің тек 20 пайызы адекватты түрде қоштаса алды. Үміткерлердің байқаудан өтпегені және алдағы байқауларда оларға сәттілік тілегенім туралы жазған хатыма әр бесінші адам ғана сыпайы түрде жауап берді. Алдында қошеметтерді жаудырған және біздің компаниямызда жұмыс істеуге ыстық ықыласын білдірген үміткерлердің қалған 80 пайызы, қабыл алмау хабарын естігеннен кейін бірден этикет ережерін ұмытып жоғалып кетті.
Одан да азырақ, яғни үміткерлердің он пайызы маған қайтадан қоңырау соғып, оларға байқаудан өтуге кедергі болған осал тұстарын атап өтуін сұрады. Түсіндірулерді алғаннан кейін, маған алғысын білдіріп жатты. Бұл адамдар қабыл алмау шешіміне ренжімей, өзін-өзі жетілдіру амалдарын іздеді, осылайша олар өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетті.
Мен үнемі айтатынмын, адамның сенімен қалай амандасатыны емес, қалай қоштасатыны маңызыдырақ. Сіз адаммен қоштасқан мезетте және бір-бірінен тәуелді болмаған кезде, оның негізгі болмысы ашылады және оның сізге деген шынайы қатынасы танылады.
Сондықтан кейде адаммен дұрыс қоштасу маңыздырақ болады. Егер қоштасу жақсы болса, онда келесі кездесу міндетті түрде болады.
COMMENTS