Мемлекеттік қызметте болған кездерімде жол жүру ережелрін кейде бұзғатынмын. Тәубеге келдім. Жылдамдығым да артып кететін, трассада фараларды қосып қоюды ұмытып кететінмін. Ондайларым болып тұрды.
Бірақ ешқашан өзімнің бұзушылықтарым үшін жауапкершіліктен өзімнің қызметімнің, «қабықша» деп аталатынның (қызметтік куәлік) арқасында қашып құтылу ойыма мүлде келіп шықпаған да.
Керісінше, мен қызмет орнымды айтпауға тырысатынмын. Ережелерді вице-минстр немесе әкімнің орынбасары бұзғанын полицейлер білмегенін қаладым.
Өзімнің ведомствомды және өзімнің лауазымымды оның алдында масқаралау мен үшін өте ұят болатын.
Мен өзімнің кінәмді (егер нақты кінәлі болсам) бас ұрып мойындайтынмын және хаттамаға қол қоятынмын, одан соң айыппұл төлейтінмін. Қарапайым азамат сияқты.
Егер айыптармен келіспесем, өзімнің дұрыстығымды дәйектеп, қызмет орныммен емес, дәлелдейтінмін.
Кейбір шенеуніктер неліктен өздерінің мәртебесін пайдалануды мүлде басқаша түсінеді екен. Олар осы «қабықшы» – ұсақ бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен кешіру қағазы деп ойлап, әр қолайлы жағдайда оны мақтан етеді.
Ал мен болсам, қызметтік куәлікті міндеттерінен тыс жерлерде көрсетуді ауырлататын жағдайға немесе жеке бұзушылыққа – қызмет бабын теріс пайдалануға – теңестірер едім.
COMMENTS