Кремльдің сойылын соғатын апарат құралдары Әлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) кейбір американдық спортшыларға (мысалы, апалы-сіңілілі Вильямстарға) тиым салынған препараттарды қолдануға рұқсат бергені жөнінде жарыса жазды. Бұл масқараның ашылуына «Fancy Bears» хакерлер тобының сіңрген еңбегі ұшан-теңіз екен.
Енді мәселенің анық-қанығын барлайық.
WADA жасырын әрекет етуге бармайтын ұйым. Кей препараттарды қолдануға рұқсатты спортшылар жеке дәрәгерлерінің ұсынысы және WADA комиссиясының мақұлдауынан соң ғана алады. Серена Вильямс астмамен ауырғандықтан преднизолон сынды препаратты қолдануға рұқсат алған. Бұл препарат кез келген асматик үшін қажет. Айтпақшы WADA ішінде астматиктерге осындай препараттарды қолдануға рұқсат беру туралы қызу тартыс жүріп жатыр. Біреулер рұқста беру қажет, әйтпесе асматиктер жарысқа қатыса алмай қалады деген пікір айтады. Екіншілер бұл шара асматиктер мен сау адамдарды тең емес жағдайға қояды деп санайды. Әйтеуір бұл жағдай ешқандай құпия емес және ұйым ішінде орын алатын қалыпты пікірталас қана.
Рұқсаттарға тоқталатын болсақ, оны кез келген спортшының алуына болады. Тек денсаулық жағдайны байланысты бұл препарат қажет екендігін дәлелдеу шарт. Осындай рұқсат 2015 жылы ресейлік спортшыларға 25 рет берілген екен.
Сонда «Fancy Bears» хакерлері жариялаған мәліметтердің қандай құндылығы бар дейсіз ғой?
Бұл мәліметтер спортшылардың денсаулығы жөнінде ақпаратпен ғана құнды. Серен Вильямстың астмасы жайлы ақпарат құпия болғандықтан, WADA хакерлерге спортшының жеке басына қатысты құпия ақпаратты жариялады деп айып тағуда.
Кремльдің тағы бір өтірігі ашылып қалды.
Өкінішке орай, Ресей азаматтарының (қазақстандықтардың да) ағылшын тіліне шорқақтығы мен ақпаратты сүзуден өткізбеуі салдарынан осындай жалған өсек-аян тез тарап кетіп жатады. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайдыға салып, өтірікті бөсе беру әлі де жиі кездеседі.
COMMENTS