Көп жылдардан бері Астананың айналасында Азық-түлік белдеуді құрастыру қажеттілігі туралы еліміздің Премьер-министрінің тапсырмасы хаттамадан хаттамаға жалғасып отыр. Және де көп жылдар бойы Ауыл шаруашылық Министрлігі мен астананың және көршілес облыстардың әкімдері ынтамен оны орындап жүр.  

Ал «Астананың айналасында Азық-түлік белдеуді құрастыру» дегеніміз не өзі?

Осындай жұмыстың басты мақсаты Астана қаласын азық-түлік өнімдермен қамтамасыздандыру болатын шығар, сірә.

Бұл жағдайда астананың тұрғындарына менде бір сұрақ бар: Астанада азық-түліктің жетіспеушілігі бар ма? Мен тіпті сұрақты басқаша қояйын: біздің қаламызда сатып алуға мүмкін емес өнім бар ма? Мысалы, менде бұндай ой мүлдем пайда болмайды. Астанада түгелге жуықты тауып алуға болады. Яғни, Астанада азық-түліктің нақты қол жетімділігі туралы маңызды мәселе жоқ.  

Сонымен бірге астаналық супермаркеттеріндегі өнімдер өте қымбат екендігін мойындау керек. Мысалы, Астанада 2014 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша қанттың 1 кг 181 теңге тұрады, ал Республика бойынша орташа  – 174 теңге, айырмашылығы 4 %; сиыр еті Астанада 1 151 теңге тұрады, Республика бойынша орташа – 1 115 теңге, айырмашылығы 3,2 %; қой еті Астанада 1 166 теңге тұрады, ал Республика бойынша орташа – 1 098 теңге, айырмашылығы – 6,2% («КазАгроМаркетинг» АҚ-ның деректері).

Дегенмен, астаналық тұрғындардың табыстарының деңгейі де республика бойынша орташасынан артық қой. Астанада 2014 жылдың сәуір айында ол  98 750 теңге болды, ал  республика бойынша орташа 60 242 теңге шамасында болды, айырмашылығы 63,9 % (ҚР Статистика бойынша Агенттігінің деректері). Яғни, табыстардың артықшылығы бағалардың артықшылығынан анағұрлым жоғары, ал ендеше астанадағы азық-түлік тауарлары, орташа республика бойыншағымен салыстырғанда, қолжетімділеу.

Сөйтіп, Астанадағы басқа аймақтармен салыстырғанда азық-тұліктің жоғары бағасына азық-түліктің жетіспеушілігі емес, жоғары табыстар мен жоғары саудалық шығындар себеп болып отыр. Соның ішінде, Астанада сауда орындарын жалға алу қымбаттау, ол жылжымайтын мүліктің жоғары бағасына байланысты, сатушылардың жалақысы жоғары, саудалық желілерде тауарларды орналастыру үшін төлемдер, коммуналдық қызметтер үшін төлемдер жоғары (басқа кейбір аймақтармен салыстырғанда) және т.б. яғни, еліміздің астанасындағы азық-түліктің экономикалық қолжетілімдігі туралы мәселе де маңызды емес.

Әрі қарай барайық.

Астана айналасында Азық-түлік белдеуді құрастыру туралы тапсырманы іске асыру барысында оны нақты іске асыру және есептілігі бойынша сұрақ  пайда болады. егер тапсырма болса, оны орындау қажет және де Астанаға нақты Азық-түлік белдеуінен, мысалы, Оңтүстік Қазақтаннан емес,  қанша және қандай өнімдер әкелінгенін есптеу қажет қой.  Бұл үшін республиканың облыстары арасындағы тауарлардың қозғалуына есеп жүргізу керек. Бұндай есеп біздің елімізде жүргізілмейді, өйткені біртекті мемлекетте мұндай қажеттілік пайда болмады.

Әрине, теория жүзінде оны облыстар арасындағы шекаралар мен астанаға орнатылған бекеттер арқылы да жүргізуге болады. Бірақ бұнымыз бекеттердің қызметтерін ұстау үшін бюджеттен қосымша шығындарды қажет етеді, сонымен қатар әр жүк және жеңіл көлік құралдарының тоннаждарын жаппай тексеруді талап етеді, бұл автокөліктердің қозғалуына кептелістер тудыратыны және де халықтың ашуын кернейтіні сөзсіз. Оның үстіне,  бақылау бекеттерінде кезекті тоспау үшін жеткізушілер жүкті Астанға апару үшін айналма жолдарды іздей бастайды. Мемлекеттік органдар, шекарашылар сияқты, кері соққы ретінде осындай жасырын тасып жеткізуді, контрабанданы сияқты, іздеп, тоқтатулары қажет болады. Жалпы алғанда, бұл қияр Үкіметтің тапсыры бойынша Қарағанды облысынан, яғни Азық-түлік белдеуден, әкелінді ме, немсе ОҚО-нан экономикалық жағдайларға байланысты, жоғарыдан ешбір нұсқасыз әкелінді ме дегенді түсіну үшін атқарылатын орынсыз, ешкімге кері жоқ, мазасыз жұмыс болады.

Елімізде, Азық-түлік белдеумен, яғни Астана айналасындағы 300-километрлік аумақпен шектелмей, азық-түлік өнімдерін өндірудің өзін дамытуға күш салудың қисыны зор болар. Жаңа фермаларды, жылыжайларды, ет комбинаттарын және т.б. ашу өзінен өзі қажетті тауарлық базаны құрастырады, ал еркін, ешкім шектемейтін және де ешкім итермелемейтін сауда ел ішінде өзі бұл тауарларды, бағаларын экономикалық заңдарға сәйкес қойып, үлестіреді. 

Comments: 0