– Ал, құттықтауларды қабылдаймын. Бүгіннен бастап мен – әкімнің орынбасарымын.
– Құттықтаймын, достым! Сен үшін қуаныштымын!
– Рақмет. Ал, кәне, қандай ойларың бар? Не істейміз?
– Не туралы айтып тұрсың?
– Әй, сенде жиһаз цехы бар ғой. Қазір бір конкурсты қамдап жібереміз. Әкімдікке, басқармаларға да жиһаздарын ауыстыру қажет шығар. Одан соң мектептерге де жетерміз.
– Ол қалайша сонда? Ал конкурстар ше?
– Жігітім, сен өзің мені естіп тұрсың ба, жоқ па? Мен енді – әкімнің орынбасарымын. Енді осы мәселелерді мен шешетін боламын. Ұқтың ба?
– Жоқ, бауырым, рақмет. Мен бұндай ойындарды ойнамаймын. Сен тек қазір ғана батыр болып тұрсың, ал содан кейін сенің бастығыңды жылжытып жіберсе, ал бүкіл команданы, мені қоса, отырғызып тастаса. Мен бұл қазақ бизнесін өте жақсы білемін.
– Әй, саған не болған? Менің бастығым кім екенін білмейсің бе? Оны ешкім ешқашан жылжытып жібермес.
– Иә дегенің. Бір кісіден дәл осындайды естіп едім. Ал қазір оған сәлемдемелер апарып жүрмін. Жалпы алғанда, мен – қатыспаймын. Тыныш өмір сүргім келеді. Мен тыныш, жанжалсыз өзімнің жиһаздарымды жеке меншіктерге сатып жүре берейін. Егер конкурс жариялайтын болсаңдар, келемін, елдің бәрі сияқты, жалпы ережелер бойынша қатысамын.
– Ал онда мен саған жеңесін деген кепіл бере алмаймын ғой.
– Тіпті керегі де жоқ! Бұндай кепілдіктерден құдай сақтасын!
– Білгеніңше істей берші! Тілек білдіретіндер көп қой. Әне, қабылдау бөлмеде кезек тізіліп тұр.
– Досым, мен саған өзіңнің жұмысыңды осыдан бастамашы деген ақыл айтқым келеді.
– Жә, жарайды. Өзім-ақ бірдеңе қылып ұғынамын. Жарайды, сау бол!
COMMENTS