Все статьи из рубрики "Қоғам"

Рамиль Мухоряповтың сөзі туралы.

Әртүрлі жағдай болады.

Бірінші – дүкенге турист кіріп, өз тілінде сатушымен сөйлесе бастайды, ал сатушы оның тілін білсе де, ол тілде жауап бермейді.

Францияда жиі осындаймен ұшырастым. Көптеген француз ағылшын тілін жақтырмайды, білсе де, сөйлемеуге тырысады. Бұл ағылшынның француз тілін ығыстырып, әлемде үстемдік құруын қызғану болар.

Алайда фрацуздардың бұл қылығын орынды деп айта алмаймын. Турист Парижде бірнеше күн ғана болады, …

Read more
Comments: 0

Жемқорлық және демократия.

Көптеген жылдан бері қазақстандықтар жемқорлықтан зардап шегіп келеді де, оны жоюды немесе тым болмаса қысқартуды талап етуде. Алайда бұл үндеулер мәселенің себебімен емес, салдарымен күрес болып табылады.

Бұл арамшөпті жұлып, бірақ тамырын жерде қалдырғанмен тең. Шындап келгенде жемқорлық қоғамдағы авторитарлы әрі демократиясыз құрылым нәтижесі. Саяси және қоғамдық күштер арасында бәсеке жоқ жерде, орталықтанд басқарылатын бір ғана билік бар жерде, партиялар …

Read more
Comments: 0

Көпшіліктің сотқа ықпалы.

Шешім (үкім) шыққанға дейін және шыққаннан кейін азаматтардың сот істерін талқылауға құқығы бар ма?

Бар деп санаймын.

Менің ойымша, соттардың әрекетін талқылау демокартиялық елдердегі азаматтардың негізгі құқығы болып табылады. Бұл жалпы сөз бостандығына деген құқықтан шығады. Еркін қоғамда тыйым салынған тақырыптар болмауы тиіс. Бұл тек соттарға емес, барлық мемлекеттік мекемеге де қатысты. Соттың да, Үкіметтің де, Парламенттің де шешім қабылдау …

Read more
Comments: 0

Эгоизм және достық.

Адамның мінез-құлығы негізгі екі түйсікке бағынады: аман қалу және ұрпақ қалдыру. Бұл түйсіктер табиғаттағы барлық тірі ағзаға тән, осының арқасында аман қалып, ары қарай дамыды.

Алайда адам шын ниетін қалай әспеттеп, боямаласа да, негізгі түйсіктер оны алдымен өз қамын, жеке басын, амандығын және ұрпағын ойлауға итермелейді, яғни бірінші орында «эго» тұрады.

Олай болса, мынадай сұрақ туады: адамзат қоғамында достық сынды …

Read more
Comments: 0

Эгоизм.

Адамның мінез-құлығы негізгі 2 түйсікке бағынады: аман қалу және ұрпақ қалдыру. Бұл түйсіктер табиғаттағы барлық тірі ағзаға тән, осының арқасында аман қалып, ары қарай дамыды.

Адамдар саналы тіршілік иесі болғандықтан, эволюция мен даму барысында бұл түйсіктерге күрделі анықтама ойлап тауып, оларды психология, әлеуметтану, саясат және т.б. деп атады.

Алайда адам шын ниетін қалай әспеттеп, боямаласа да, негізгі түйсіктер оны алдымен …

Read more
Comments: 0

Үлкен жеңістердің күнделікті бағасы.

Сіз күн сайын бір тасты бір жерге киген кезде, оны ешкім байқамайды.

Содан кейін сіз өзіңіздің тастарыңыздан таудың басында тұрған күн келеді.

Барлығы сізді қызғанады және сіздің орныңызға кіргісі келеді.

Бірақ күн сайын бір тас кигісі келетіндер аз.

Read more
Comments: 0

Сын

Сынды көтере алмайтын адамдарды түсінбеймін.

Олар кез келген ескертуге ренжіп, басынан сөз асырмауға тырысады, тиіскендерге «өзіңе қара» деп жауап қайтаруға немесе жұдырығын ала жүгіруге дайын болады.

Осындай адамдарды аяймын.

Сыннан қашу айнаға теріс бұрылумен бірдей ғой.

Айнаға қарамай қойғанмен әдемірек және ұқыптырақ бола қоймайсың. Қанша қашсаң да, бір күні шындық алдыңнан шығады.

Кез келген сынға құлақ асып, қорытынды жасаған әлдеқайда …

Read more
Comments: 0

Атеистің уағызы. 5. Дін тәртіпке шақыратын күш.

Уағызшы атеист:

Қазіргі діндердің пайда болуынан әлдеқайда бұрын қоғамда мінез-құлық ережелері қалыптасты. Адамдар қауіпсіздікті қалады, сондықтан негізсіз біреуді өлтіруге болмайды деген келісімге келді. Адамдар соғыста, аңда жүргенде өз дүние-мүлкінен айырылып қалғысы келмеді де, ұрлыққа тыйым салынды. Осылай жалғаса береді.

Осы барша адамзатқа ортақ ережелер кейін діни кітаптардың негізіне айналды. Тәурат та, Інжіл де, Құран да адамзатқа ортақ құндылықтардың бастауы емес. …

Read more
Comments: 0

Атеистің уағызы. 7. Дін және ғылым.

Уағызшы атеист:

Негізгі діндердің барлығы Жердегі тіршілікті Құдай жаратты және оның заңдарына бағынады дегенді айтады.

Біз, атеистер, бұл пікірмен келіспейміз. Біз табиғаттағы барлық құбылыс физика, химия, астрономия, билогия және тағы басқа заңдарға бағынатынына сенемін.

Тыңдарман-діндар:

Алайда бұл бір-біріне қайшы келмейді ғой. Діндегі адамдар физика, химия және басқа да заңдарды жоққа шығармайды. Бұл заңдар жоқтан пайда болған жоқ. Құдай тіршілікті жаратып, …

Read more
Comments: 0

Атеистің уағызы. 3. Діннің пайда болуы.

Уағызшы атеист:

Жер бетіндегі діннің пайда болуы адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты, шамамен 40 000 жыл.

Саналы адам табиғат құбылыстарының себебі туралы ойлана бастады. Білімі жетпеген тұстарда адам қиялын қосты және жорамал жасады. Мысалы, физикалық құбылыстардың табиғатын білмегендіктен, адам күннің күркіреуін және найзағайды көкте тіршілік ететін тылсым күштермен түсіндірді. Ал дауыл – теңізде өмір сүретін тіршілік иесінің қаһары. Адам тылсым …

Read more
Comments: 0