Все статьи из рубрики "Қоғам"

Сын.

Сынды көтере алмайтын адамдарды түсінбеймін.

Олар кез келген ескертуге ренжіп, басынан сөз асырмауға тырысады, тиіскендерге «өзіңе қара» деп жауап қайтаруға немесе жұдырығын ала жүгіруге дайын болады.

Осындай адамдарды аяймын.

Сыннан қашу айнаға теріс бұрылумен бірдей ғой.

Айнаға қарамай қойғанмен әдемірек және ұқыптырақ бола қоймайсың. Қанша қашсаң да, бір күні шындық алдыңнан шығады.

Кез келген сынға құлақ асып, қорытынды жасаған әлдеқайда …

Read more
Comments: 0

Атеистің уағызы. 5. Дін тәртіпке шақыратын күш.

Уағызшы атеист:

Қазіргі діндердің пайда болуынан әлдеқайда бұрын қоғамда мінез-құлық ережелері қалыптасты. Адамдар қауіпсіздікті қалады, сондықтан негізсіз біреуді өлтіруге болмайды деген келісімге келді. Адамдар соғыста, аңда жүргенде өз дүние-мүлкінен айырылып қалғысы келмеді де, ұрлыққа тыйым салынды. Осылай жалғаса береді.

Осы барша адамзатқа ортақ ережелер кейін діни кітаптардың негізіне айналды. Тәурат та, Інжіл де, Құран да адамзатқа ортақ құндылықтардың бастауы емес. …

Read more
Comments: 0

Атеистің уағызы. 6. Дін және мемлекет.

Уағызшы атеист:

Дін мен мемлекет ылғи да адамзат қоғамындағы ең мықты күштер болды. Кейде бәсекеге түссе де, одақтасқан кездері көп болды.

Адамзат тарихының бастауында бақсы-балгерлер тайпалық иерархияда беделді орындарға ие болды. Олар көсемге жақын болып, оған көмектесіп отырды. Көсем бақсы-балгерге тайпадағы адамдарынан тарту-таралғы, құрнбандық қабылдауға рұқсат берсе, бақсы-балгер көсем жауға шапқанда тайпаластарын Құдай жеңіс сыйлайды деп сендірді. Бұл ынтымақтастық екі …

Read more
Comments: 0

Атеистің уағызы. 7. Дін және ғылым.

Уағызшы атеист:

Негізгі діндердің барлығы Жердегі тіршілікті Құдай жаратты және оның заңдарына бағынады дегенді айтады.

Біз, атеистер, бұл пікірмен келіспейміз. Біз табиғаттағы барлық құбылыс физика, химия, астрономия, билогия және тағы басқа заңдарға бағынатынына сенемін.

Тыңдарман-діндар:

Алайда бұл бір-біріне қайшы келмейді ғой. Діндегі адамдар физика, химия және басқа да заңдарды жоққа шығармайды. Бұл заңдар жоқтан пайда болған жоқ. Құдай тіршілікті жаратып, …

Read more
Comments: 0

Атеистің уағызы. 3. Діннің пайда болуы.

Уағызшы атеист:

Жер бетіндегі діннің пайда болуы адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты, шамамен 40 000 жыл.

Саналы адам табиғат құбылыстарының себебі туралы ойлана бастады. Білімі жетпеген тұстарда адам қиялын қосты және жорамал жасады. Мысалы, физикалық құбылыстардың табиғатын білмегендіктен, адам күннің күркіреуін және найзағайды көкте тіршілік ететін тылсым күштермен түсіндірді. Ал дауыл – теңізде өмір сүретін тіршілік иесінің қаһары. Адам тылсым …

Read more
Comments: 0

Атеистің уағызы. 4. Дін және адам өмірінің мұраты.

Тыңдарман-діндар:

Адам өмірінің мұраты неде? Біз өмірге неге келдік?

Уағызшы атеист:

Бұл екі түрлі мәселе. Оларды ажырата білу керек. Біз дүниеге өз еркімізбен емес, ал ата-анамыздың еркімен келеміз. Сондықтан адамды оның дүниеге келуі тіралы сұрау орынсыз. Ал өмірлік мұратын адам өзі анықтайды.

Тыңдарман-діндар:

Сонда ересек саналы адамның өмірлік мұраты не?

Уағызшы атеист:

Кез келген жануар секілді адамды да екі негізгі …

Read more
Comments: 0

Атеистің уағызы. 1. Төзімділік.

Уағызшы атеист:

Достарым!

Бүгін уағыздарымды бастаймын. Алғашқы уағызым атеизм және дін туралы емес, төзімділік туралы болады.

Осында отырғандардың пікірі бір жерден шыққанмен, сенім мен дінге көзқарасы алуан түрлі басқа да адамдар бар екенін ұмытпауымыз керек. Біз оларға төзімділкпен қарауға тиіспіз. Оларды бізден ақымақ немесе төмен деп санамауымыз қажет. Оларға қысым жасамауымыз керек. Олардың нанымына құрметпен қарауға тиіспіз. Бір-бірімізге сыйластықпаен қарауымыз …

Read more
Comments: 0

Атеистің уағызы. 2. Тіршіліктің пайда болуы.

Уағызшы атеист:

Жерде тіршілік 4 миллиард жыл бұрын пайда болды. Бұған температура, жарық, сонымен қатар оттегі, сутегі және азот сында басқа да газдардың болуы жақсы жағдай жасады. Нәтижесінде миллиардтаған планетаның бірінде тіршілік пайда болды.

Басында бұл бейорганикалық малекулалардың байланысы болды. Кейін бейорганикалық байланыстардан қарапайым бір жасушалы ағзалар пайда болды. Олар миллиондаған жыл бойы дамып, келесі сатыға өтті – көпжасушалы ағзалар.…

Read more
Comments: 0

Атеистің уағыздары.

Сенім мен дін мәселелері адамзатты ежелден мазалап келеді. Діннің бастапқы нышандары пайда болғаннан бері жүздеген мың жыл өтсе де, құдай туралы айтыс әлі де жалғасып келеді.

Бұл сұрақтар атеист мені де мазалайды.

Осындай пікірталастарға тап боламын.

Қоршаған орта, адамзат, дін туралы қалыптасқан көзқарасым бар. Оны әртүрлі жерде айтып та жүремін. Біртіндеп осы бөлек-бөлек жатқан ойларым мен дәлелдерімді жинақтап, жұртқа жеткізгім …

Read more
Comments: 0