Серік пен Берікке кластастарға Жаңа жылғы сыйлықтарды қағазқапшықтарға бөліп салуды тапсырды.
Олар екеуі бос сынып бөлмесінде отыр және кәмпиттерді, шоколадтарды, печеньені, мандариндерді үлестіріп жатыр.
Кенеттен Берік, Серіктің әрекетін байқап, жымыңдап көзін сығырайтып, сұрады:
– Ал мұнау қағазқапшық кімдікі?
– Менікі, – деп жауап береді Серік, жұмысын жалғастыра береді.
Беріктің көзі жымыңдағаннан аң-таң болып қалды.
– Алайда сен онда бұзылған мандарин салып қойдың ғой!
– Әрине, – түк болмағандай жауап берді Берік, жұмысын тоқтатпай, – онда не бар?
Берік қымсына бастайды:
– Ал неліктен сен бұзылған мандаринді өзіңе салдың?
Енді Серік таңғалды:
– Ал қалай жасау керек? Егер бізге ортақ нәрселерді үлестіруді сеніп таспырса, біз өзімізге ең нашарын алуымыз керек емес пе? Есесіне біздің кластастарымызға ең жақсысы тиеді. Бұл дұрыс емес пе?
Бірнеше секунд абыржып қалғаннан кейін Берік міңгірледі:
– Иә, иә. Бәрі дұрыс, – деп, өзінің қағазқапшығындағы тәттілерді ортақ үймеге байқайтпай төгіп тастап, үлестіруді жаңадан бастады.
COMMENTS