Бір ну орман ішінде қасқыр өмір сүріпті. Оның терісі сұр болғандықтан оны Көкжал қасқыр деп атапты. Көкжал қасқырдың жанұясы болыпты: әйелі-қаншық қасқыр мен төрт бөлтірігі. Олардың бәрі бір-бірін сүйген және тату-тәтті өмір сүрген: қасқыр тамақ тапқан, қаншық қасқыр бөлтіріктерді сүтпен тамақтандырған, ал бөлтіріктер апанның маңында ойнақ салған.
Бір кезде қиын кезеңдер түсіпті. Адамдар орманның жартысын кесіп тастаған және барлық құстарды құртқан. Қояндар мен бұғыларды аулау Көкжал қасқырға қиындап кетті. Ол мүлде қалжырап қалды. Тамақсыз оның қаншық қасқыры да, онымен бірге оның бөлтіріктері де әлсіреп қалды. Күні бойы олар аштан қайғылы қыңсылайтын және шешесі мен әкесіне жабысатын. Осыдан намысқор Көкжал қасқырдың жүрегі уайымнан бүріліп қалатын, оның сұр тұмсығы бойымен болмашы ғана жас тамшылары ағып тұрды.
Сол кезде ол тағы да аң аулауға баруды және тамақты қайткен күнде де табуды шешті. Егер ол бүгін бірдеңе таба алмаса, жанұясы аштан өліп қалатынын білді.
Міне Көкжал қасқыр орманда жүгіріп келе жатады, ал алдынан Қызыл телпек атты қыз бала шығады. Оны бас салғысы келіп еді, бірақ аяп қалды. Онымен сөйлесуді шешті.
– Амансың ба, Қызыл телпек. Қайда бара жатырсың? – деп ол одан сұрайды.
– Әжеме, – деді ол жауап қайтарып. Әжесін жегенім дұрысырақ болар деп қасқыр ойлады да, Қызыл телпектен оның әжесі қайда тұратынын біліп алды. Ол әженің үйіне тез жетті де, Қызыл телпек бола қалды, оның үйіне кірді де, әжені бірден жұта салды. Осылайша ол әжейді апандағы бөлтіріктеріне бүтін апарғысы келді.
Сол кезде Қызыл телпек те келіп жетті. Көкжал қасқыр өзінің қаншық-қасқырын еске түсіріп, үйге көбірек тамақ әкелу керегін шешті де, Қызыл телпекті де жұтып қойды.
Ал сол сәтте әжейдің ұйінің қасынан отын кесушілер өтіп бара жатты. Үйдегі шуды естіп, оған жүгіріп кірді де Көкжал қасқырды өлтіріп тастады. Содан кейін оның қарнын жарып жіберіп, әжесі мен Қызыл телпекті алып шықты.
Ал олар барлығы кетіп қалғаннан кейін, әжейдің үйінің қасына әлсіреген қаншық-қасқыр мен төрт бөлтірік әрең-әрең келіп жетті. Олар өлген Көкжал қасқырды көріп, енді аштықтан ешқайдан көмек көрмейтіндерін түсінді. Оның қасына бүрісіп жат қалды, бір біріне қатты қысылды да мәңгі ұйқыға кетті.
COMMENTS