Астаналық бір радиостанциясы біздің елімізде ұлтаралық қарым-қатынастарды дамыту үшін жақсы науқанды ойлап тапқан екен. Бірнеше күн бұрын машинада келе жатып Қазақстанда тұратын кейбір этностары туралы қызықты деректері берілген бағдарламаны естідім.
Мысалы, армяндар өздерін «хай» деп айтатындарын, ал поляктер – «поляцы» деп атайтындарын біліп қалдым. Өте танымды.
Менің ойымша, бір-біріміз туралы көбірек білу, мәдениетке, тарихқа, салт-дәстүрлерге қызығу керек сияқты.
Жалпы айтқанда, ұлтаралық қарым-қатынастардағы біздің саясатымыз келесі қағидатқа негізделу қажет деп санаймын: «Біртұтас қазақ ұлтында этностардың алуан түрлілігін сақтау!» немесе «Бірлік алуан түрлілікте».
Бұл Қазақстанның ішінде біз әр ұлттың мәдениетіне, тарихына және ерекшеліктеріне мәпелеп және құрметпен қарауымыз қажет деген мәнді білдіреді, бірақ Қазақстанның сыртына шыққанда армян, поляк, орыс, грек, немістер мақтанышпен айтулары қажет: «Мен – қазақстандықпын (армян емес, поляк пен орыс емес, дәл ғана қазақстандық деп)! Біздің ұлттық тағамымыз – бешбармақ (борщ, шауырма немесе кукси да емес). Біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі (мүлде орыс тілі емес). Біз – көшпенділердің ұрпағымыз» және т.б.. Яғни, біздің елімізден тыс жерлерде біздің арамыздағы айырмашылықтар туралы мүлде ұмытып, біртұтас қазақ елі болып көрінуіміз керек.
COMMENTS