Жақында біздің отбасылық таныстарымыз Чехияға ұлдарының оқуы үшін виза алды. Бұл іс өте қиын болып шықты. Консулдыққа қабылдауға кіру үшін Интернет арқылы кезекке жазылып қою керек. Бірақ, шамасы, тілек білдірушілер тым көп сияқты, сол кезекке кірудің өзі өте қиын екен. Таныстарымыз бірнеше апта соған тырысты. Келесі күні кезекті бірінші болу үшін түнгі сағат 12-де тұрды, бірақ тізім толық болып шыққан. Туристтік фирмаларға көмекке жүгінді, бірақ олар тек қолдарын жайды. Басқа адамдармен ақылдасу үшін Интернетте әр түрлі форумдарға кірді, бірақ онда да бәрі дәл осындай жағдайда болыпты, ешкім көмектесе алмады. Менің таныстарым тек консулдыққа кіру үшін (виза алуға да кепілдіксіз) пара беруге дайын болды, бірақ кімге беретінін таппады. Ақырында, бірнеше ұйқысыз түндерден кейін менің таныстарым тура түнгі сағат 12 –де бірінші болып тетікті басуға және келесі күнгі кезеккі кіруге сәті түсті. Осы уақиғаны олар содан кейін достарымен бірге бұрқыратып тойлатты.

Менің ұлым отырыста осы әңгімені естіп, жасөспірімше үзілді-кесілді айтып салды: «Мен сол Чехияға ешқшан бармаушы едім». «Ал неге? – деп мен сұрадым, – Чехия – өте жақсы ел, мен Прагада болғанмын, әдемі қала». «Аһа, – деп ұлым қарсылық білдірді, – егер олардың консулдығында осындай бейберекет болса, яғни, елде де бейберекет шығар. Сен мені өзіңнің әңгімелеріңмен иландырмайсын».

Мен оған айтар сөз таппадым.

Әлемдегі консулдықтардың қызметі қаншалықты маңызды екен туралы өзім ойланып қалдым. Олар бойынша, тіпті әлі елге де кірмей тұрып, шетелдіктер ол туралы бір пікірлеріне келеді.    

Басқа елдердегі біздің қазақстандық консулдықтарында бәрі жақсы ма екен? 

Comments: 0