Олимпиададағы жүлделер жарысында рейтинг тек алтын саны бойынша (кестеден Рио Олимпиадасындағы елдердің орналасуын қараңыз) ғана есептелетінін түсінбей-ақ қойдым. Тіпті жалпы жүлделер саны да есепке алынбайды екен. Барлығы 70 жүлде алған Қытай бар болғаны үшінші орында, ал 67 жүлдесі бар Ұлыбритания бір алтыны артық болғаны үшін екінші орында тұр.

     Қолданыстағы жүлделер есебі

ОрынМемлекетАлтынКүмісҚолаБарлық жүлделер саны
1АҚШ463738121
2Ұлыбритания27231767
3Қытай26182670
4Ресей19181956
5Германия17101542
6Жапония1282141
7Франция10181442
8Оңтүстік Корея93921
9Италия812828
10Австралия8111029
21Өзбекстан42713
22Қазақстан35917

     Орындарды бөлудің бұл қағидасын дұрыс емес деп санаймын.

     Күміс және қола жүлделер мүлдем ескерілмейді. Сонда біз Василий Левит, Елдос Сметов, Жазира Жаппарқұл, Әділбек Ниязымбетов сынды тамаша спортшыларымыздың күміс және қола (алтынға бергісіз) жүлделерін қалай елеусіз қалдыра аламыз.

     Бұл кесте спортшылардың жылдар бойы төккен маңдай тері мен қажырлы еңбегін ысырып тастай салғандай көрінеді.

     Бұл әділетсіздік қой!

     Меніңше жалпыкомандалық есепте барлық жүлделер есепке алынуы тиіс. Мысалы, алтын үшін үш ұпай, қола – екі ұпай, күміс – 1 ұпай. Нәтижесінде әр жүлде елдің орынына әсер ететін болады.

     Кестені осы қағида бойынша қайта жасап шықтым, нәтижесі мынадай.

     Ұсынылып отырған жүлделер есебі

ОрынМемлекетАлтынКүмісҚолаЖалпы ұпай саны
1АҚШ46х3=13837х2=7438х1=38250
2Ұлыбритания27х3=8123х2=4617х1=17144
3Қытай26х3=7818х2=3626х1=26140
4Ресей19х3=5718х2=3619х1=19112
5Германия17х3=5110х2=2015х1=1586
6Франция10х3=3018х2=3614х1=1480
7Жапония12х3=368х2=1621х1=2173
8Италия8х3=2412х2=248х1=856
9Австралия8х3=2411х2=2210х1=1056
10Оңтүстік Корея9х3=273х2=69х1=942
21Қазақстан3х3=95х2=109х1=928
22Өзбекстан4х3=122х2=47х1=723

     Алғашқы ондықтағы орындар айтарлықтай өзгерді. Франция Жапонияны басып озып, алтыншы орынға көтерілді. Оңтүстік Корея сегізінші орыннан оныншыға сырғыды. Ең бастысы, Қазақстан бір саты жоғарылап, өзбек ағайындардың алдына шықты. Иә, олардың  бізден бір алтыны артық, бірақ күмістен үш жүлдеге, қоладан екі жүлдеге алда тұрмыз. Сондықтан жалпы есепте де жоғары тұруымыз керек.

     Сонымен жалпыкомандалық есептегі жиырма бірінші орынмен барлығымызды құттықтаймын!

     P.S. Әрине жоғарыдағы есеп ресми емес және Халықаралық олимпиада комитетінің сайтында жарияланбайды. Олимпиадалық жүлделер жарысы ресми сипатқа ие болмаса да, әрдайым әлем жұртшылығының назарында (әйтеуір Google іздеу бойынша осы осы кестені шығарады) және онда тек қана алтындар саны есепке алынады. Бұл қағиданы өзгерту қажет сияқты!)))

Comments: 0