Өзімшілдік және әділеттілік.

Адамның мінез-құлқы оған генетикалық түрде енгізілген екі негізгі инстинктке негізделген. Бұл өмір сүру инстинкті және көбею инстинкті.

Адам өз өмірінде не істесе де, оның барлық әрекеттері, сезімдері, эмоциялары осы екі инстинктке негізделген, олар оның өмір сүруіне және өзін жалғастыруға көмектеседі, яғни оның жеке мүдделеріне, «эгосына» қызмет етеді. Адамның өзімшілдігі оның мінез-құлқының негізгі мотиві болып табылады.

Бұл жағдайда сұрақ туындайды: неліктен …

Read more
Comments: 0

Ресейлік стартаптарға біздің қарым-қатынасымыз.

Соңғы кездері біздің сатылым «воронкамызда» ресейлік стартаптардың саны өсті. Бұл түсінкті де. Ресейдің экономикасы дағдарыста, мобилизация қаупі көптеген бизнесмен мен стартаперді елінен кетуге мәжбүр етті, ал оларды арасында адекват, талантты кәсіпкерлер баршылық. Олар тұрақты және агрессия жоқ жерде өз күштерін сынағысы келеді.

Ал қазақстандық венчурлік инвесторлар оларға қалай қарауы керек?

Компаниямызда бұл мәселені талқылап, келесі тезистерді анықтап алдық.

Бірінші. Соғысып …

Read more
Comments: 0

Шет елдің азаматтары.

       Баяғыда Петропавлдағы бір жағдай мені қатты таң қалдырды. Жергілікті жастардың қасында отырдым. Олар футболдан бір халықаралық жарыстың нәтижелерін қызу талқылап жатты. Сосын біреуі маған: «Біздікілер тағы бір ойынды жеңсе, топтан шығамыз!» ,-деді. Мен таңданып «Қалайша? Біз жеңіліп, ешқайда шыққан жоқпыз ғой»,- деп жауап бердім. Ол болса: «Міне! Біз екінші орында тұрмыз ғой!» , -деп телефонындағы Ресейдің тобы …

Read more
Comments: 0

Стартап командасын бағалау. 2 бөлім

Даусыз көшбасшының болуы.
Команданың жетілуі мен тұрақтылығын бағалаудың маңызды критерийі – артықшылығы ешкіммен дауласпайтын айқын көшбасшының болуы. Командада екі, тіпті үш адам өздерін тең құқылы басшылар деп санайтындарын жиі байқауға болады. Менің тәжірибем бойынша кейін бұл жерде қақтығыс болады. Басшылардың пікірлері екіге бөлінетін жағдай туындайтыны сөзсіз, өйткені олардың үлестері тең болғандықтан, мысалы, көк немесе қызыл түймені жасау сияқты қарапайым нәрселер …

Read more
Comments: 0

Игі саяси күш

Оппоненттерін жек көрмейтін, оларды саяси сахнадан шеттетуге немесе құртып жіберуге тырыспайтын, байланыс арналарынан шеттетпейтін, әлеуметтік желілерде бұғаттамайтын, сынды қабылдай алатын, оған өкпелемейтін, келісімге келе алатын және ынтымақтаса алатын, оларды «террористер», «популистер», «алаяқтар», «жалған оппозиция», «бесінші колонна», «шетел агенттері» немесе «Ақорда агенттері» деп атамайтын саяси күшке сеніп, соңынан еруге дайынмын.

Қазақстанда ондай саяси күш бар ма?…

Read more
Comments: 0

Стартап командасын қалай бағалауға болады?

1 бөлім.

Алғашқы кезеңдерде стартапта белгісіздік көп болғанда ақша салу туралы шешім қабылдаудағы ең маңызды критерий оның командасы болып табылады. Венчурлық инвестор ретінде қызмет еткен жылдары менде стартап командасын бағалаудың жеке жүйем қалыптасты. Ол қолданыстағы әдістемелер мен менің жеке тәжірибемнен қаланды.

Команда мүшелерінің кәсібилігі.

Мен бірінші кезекте барлық топ мүшелерінің кәсібилігіне назар аударуды ұсынамын. Олардың әрқайсысы керемет маман болуы керек …

Read more
Comments: 0

Авторитаризм-сыбайлас жемқорлықтың көзі.

Жемқорлық ашық емес мемлекеттік аппараттарда кең етек алады.

Ал мемлекеттік аппарат авторитарлы жүйеде жабық болады.

Авторитарлы режим саяси бәсеке жоқ жерде пайда болады.

Сондықтан авторитарлы мемлекетте жемқорлықпен күресудің еш нәтижесі болмайды, себебі бір жемқорлардың орнына басқалары келеді.

Демократия үшін күресу керек. Демократияда өзара бәсекеге түсетін саяси күштер бір-біріне жемқорлыққа толы жүйе құруға мүмкіндік бермейді.…

Read more
Comments: 0

Жалған ақпарат таратпау туралы келісім.

Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы заң қабылданғанда бұл жаңалыққа түсіністікпен қарадым.

Банктың банкроттығы туралы сыбыстан кейін халық депозиттерін алып, банк шын банкрот болуы мүмкін екендігін жақсы түсінемін.

Немесе Алматыдағы жер сілкінісі туралы қауесет халықтың үрейін қашырып, әуежайлар мен вокзалдарда кептеліске әкелуі мүмкін.

Барлық осындай жағдайда біреудің тентектігі және теріс пиғылы адамдарға зор зиянын тигізуі мүмкін.

Заң …

Read more
Comments: 0

Авторитарлы режимдер Батысқа қарсы.

Солтүстік Корея, Куба, Венесуэла, Ресей, Белоруссия сынды елдерге ортақ не бар?

Бұл елдерде АҚШ-ты және батыстың өмір салтын, яғни либерал-демократиялық құндылықтарды жек көреді. Неге? Мұнда қандай заңдылық бар?

Бұл Шығыс елдері болғандықтан бар мәселе Батыс пен Шығыс арасындағы текетіресте ме? Алайда АҚШ пен Еуропаға жақын елдердің арасында шығыс елдері де бар. Бұл Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Малайзия және т.б. Керісінше, …

Read more
Comments: 0

Рамиль Мухоряповтың сөзі туралы.

Әртүрлі жағдай болады.

Бірінші – дүкенге турист кіріп, өз тілінде сатушымен сөйлесе бастайды, ал сатушы оның тілін білсе де, ол тілде жауап бермейді.

Францияда жиі осындаймен ұшырастым. Көптеген француз ағылшын тілін жақтырмайды, білсе де, сөйлемеуге тырысады. Бұл ағылшынның француз тілін ығыстырып, әлемде үстемдік құруын қызғану болар.

Алайда фрацуздардың бұл қылығын орынды деп айта алмаймын. Турист Парижде бірнеше күн ғана болады, …

Read more
Comments: 0