Бүгін анам бізге қонаққа келіп, кезекті бір қадис айтып берді (ол кісі мұсылман, қажы):
Мұхаммед Пайғамбар өзінің соңғы жылдарын өткізген Медина қаласының базарында бір соқыр яһуди-қария қайыр сұрап жүреді екен. Ол Ислам дінін және де мұсылмандарды жек көріпті. Әр күн сайын ол осы жаңа дінді балағаттап, қала тұрғындарын оған кірмеуге шақырған екен. Дәл осылайша үнемі күн сайын осы қарияға Мұхаммед Пайғамбар келіп, үн-түнсіз оған тамақ әкеліп беріп, тіпті өз қолымен тамақтандырып та отырыпты.
Осылайша көпке дейін болып тұрыпты. Содан кейін Мұхамед Пайғамбар қайтыс болды.
Жерлеген кезде оның Айша деген әйелінің әкесі Әбу Бәкір қызынан сұраған екен: «Әулие Пайғамбарымыздың ісін мен жалғастыра алатындай оның қандай ізгі істер жасап еді?». Айша оған базардағы соқыр қария туралы айтып берді. Келесі күні Әбу Бәкір базарға барып, соқыр қарияға тамақ бере бастайды. Қария: «Сен кімсің өзі?»,- деп сұрапты. «Саған көп жылдардан бері тамақ әкеліп жүрген емеспін бе», – деп Пайғамбардың атасы жауап қайтарады. «Жоқ. Сен ол емессің. Ол тамақты маған мейірімділікпен беретұғын және ылғи да менің қолымнан сипайтын,» – депті қария. Онда Әбу Бәкір бәр шындықты айтып береді екен. Осыны естіп, шал жылап жіберіпті де, айқай салыпты: «Мен көп жылдар бойы Пайғамбарды балағаттап және оған жекіріп сөйлегенмін, ал ол маған жауабына өз қолымен тамақ үнсіз беріп отырған ба?! Егер мұсылмандар осылай жасаса, осы сәттен бастап мен мұсылманмын!».
Ғажайып оқиға!
Мен, атеист болғандығымнан шығар, бұл оқиғаның шындығы туралы мүлдем талқылағым да келмейді. Басқасы маңызды болып тұр ғой. Осы қадис тіпті сені жақсы көрмейтіннің өзіне де қайырымды болуға үйретеді.
Бұл ұлы күш.
Мұсылмандардың, жалпы барлық адамдардың арасында, осыған қабілеттілері көп пе екен?
COMMENTS