Әлемдік деңгейге қол жеткізген қазақстандық спортшыларға бұрмалаусыз қуанамын және де оларды мақтан тұтамын.

Бірақ бір нәрсе көңілімді қалдырады. 

Шамасы, олар сол жақта шетелдік промоутерлердің уысына түсіп, олардың ойын ережелері бойынша ойнап кететін сияқты. Олар экранда бет-аузын тыржитып қаһарлы бола қалады, қарсыласының көзіне тесіле қарап, айғайлайды: «Мен біріншімін! Мен ең мықтымын! Мен барлықтарын айырып тастаймын!».

Шетелдік және қазақстандық көрермендерге қалай екенін білмеймін, жеке өзіме осындай мінез-құлық мүлдем ұнамайды. Маған қарсылыстарынан төмен емес, олардан тіпті жақсырақ нәтижелер көрсетеін, «мылжыңдамайтын» және көкіректенбейтін сыпайы спортшылар әлдеқайда көбірек ұнамды. Жай ғана келіп, дарылдақтарды жеңіп кететіндері.

Менің бір таныс спортшым осындай мінез-құлықтың үлгісі болатұғын. Өте талапкер, былайша айтқанда, «қасарып тұрып алатын». Демалыссыз күні бойы жаттығып жүре бере алатын. Сыпайылығы үшін мен оны ерекше құрметтеймін. Жарыстың алдында, гере біруелер болжамдар туралы сұраса, ол қысқаша былай дейтін: «Көре жатармыз» немесе  «Қарсыласым өтте мықты, қиындау болар, бірақ мен тырысамын». Менің танысым жеңіліп қалғанда, айналадағылар тіпті төрешіні кінәлап жатса да, ол жеңісін мейіріммен мойындап, айтатын: «Бүгін менің қарсыласым менен мықты болып шықты». Ал менің танысым жеңіп шыққанда, сыпайы ғана айтатұғын: «Бүгін менің жолым, қарсыласыма қарағанда, сәттілеу болды».

Мінез-құлықтың дәл осындай стиліне, көптеген шетелдік жарыстарда көретін шоу-табыскерліктің туындысына емес, сұқтанамын.

Comments: 0