Все статьи с тегом "#қоғам"

Табынудағы бәсекелестік

     Неге өктемшіл көшбасшының айналасы уақыт өте келе жағымпаздарға және жантық адамдарға айналады? Неге бұл үрдіс геометриялық прогрессияда дамып жатыр?

     Барлығы оп-оңай.

     Өктемшілік қоғамда мемлекет басшысы биліктің негізгі көзі болып саналады. Халық емес, ол болады. Ол келесі барлық игіліктерді бөледі: жоғары мемлекеттік лауазымдар, ұлттық компаниялардағы қаржылық ағымдар, мелекеттегі табиғи ресурстар. Сондықтан қоғамдағы жоғарғы жағдайға жетудің …

Read more
Comments: 0

Қазақ тілінде қол жетерлік әлем

Қазақ ұлты мәдени дамуының бүгінгі деңгейіне 18 ғасырдың ортасынан бастап орыс мәдениеті мен орыс тіліне араласуының арқасында жетті деген пікір бар. Қазақ зиялыларының барлық білімді өкілдері, техникалық мамандар, жоғары буындағы басшылар өз табыстарына орыс тілінде оқығандықтан ғана жетті, өйткені орыс тілі оларға орасан зор білім дүниесін танып білуге мүмкіндік берді деп саналады. Шынында, қазақ тіліндегі көркем, арнаулы, техникалық әдебиеттің көлемін …

Read more
Comments: 0

Егер адам Сізге қоңырау шалмаса

Егер біреу сізге қоңырау шалуға қолым тимеді деп айтса, онда бұл адамның шынымен де осыған уақыты болмағанын білдірмейді. Бұл жай ғана сіздің ол адам үшін аса маңызды орында тұрмағандығыңызды білдіреді. Егер адам шынымен де сізге телефон соққысы келсе, онда ол басқа адаммен сөйлесуден, теледидарды көруден, әлеуметтік желілерде отырудан, түскі асынан, кешкі асынан, ұйқысынан бас тартады және соңында міндетті түрде сізге …

Read more
Comments: 0

Сылтаулар және мүмкіндіктер

      Адамдар сылтаулар іздейтіндерге және мүмкіндіктер іздейтіндерге бөлінеді.

      Біріншілер ЖОО-ға түспейді, өйткені оқытушыларды сыбайласқан деп ойлайды және білім емес, пара беру қажет деп санайды. Екіншілер сабақты жаттап оқиды, экзамендерді өз күшімен тапсырады, егер де бірінші реттен түспесе, қайтадан тапсыра береді, өзінің дұрыстығын дәлелдейді және оқуға түседі.

      Біріншілер жұмыс таба алмай жүреді, өйткені …

Read more
Comments: 0

Мектеп директорларының бизнесі

Жақын бір елде блогерге орта білім саласында біраз жыл еңбек еткен ескі жолдасы жолығыпты. Мектептегі оқушының қазасы жайлы блогердің жазбасын оқыған екен. Жолдасы терең күрсініп алып, әңгімесін бастады:

– Мәселе директорлардың мектептегі оқыс оқиғалар жайлы жасыратындығында емес. Тереңірек қазу керек, балық басынан шіриді демекші, директорлардың өзі бар бәленің басы болып тұр. Олар бұл қызметке қалай қол жеткізетінін білесің бе? Айтпаса …

Read more
Comments: 0

Көз тию.

     Мағынасыз ырымшылдық туралы.

     Барлығы біздің қазағымыздың «көз тиеді» деген наным-сенімін біледі.

     Қазіргі білімді адамдар әлі күнге дейін осы бос сөзге сенеді: 40 күнге дейін жаңа туған сәбилерін бөтен көзден жасырып, маңдайларына күйе жағып, киімдеріне түйреуіш тағып, сүйкімді бүлдіршіндерге өзінің тура мағынасында айтқанда – түкіріп, тіпті, бұл мағынасыздықтың заманауи түрі – әлеуметтік желілерде баланың суреттерін …

Read more
Comments: 0

Эвтаназия

          Бірнеше жыл бұрын менің әжем қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды. Өлім алдында ол қатты қиналды. Ауру баяу және ауыр өтті. Сондықтан ауырсынуды басатын дәрілердің мөлшері үнемі артып отырды. Ақырында, дәрінің шекті рұқсат етілген мөлшерінің ағзаға әсер етпейтін сәті де келіп жетті. Сол сәтте менің әжем тоқтамсыз ауруға қарсы жалғыз өзі қалды. Ол арасында ессіздікке түсіп, …

Read more
Comments: 0

Орыс тілді қазақстандықпен болған әңгіме

        – Тыңдашы, сен осы қазақ тілі жайлы тақырыпты не үшін қайта- қайта қозғай бересің? Сен қайықты әдейі тербетіп жатсың ба? Осында украиндық сценарийді қайталағың келе ме? Жақсы тұрып жатырмыз ғой. Құдайға шүкір, бейбіт және тыныш. Барлығы бәріне қанағатты, сең болсаң қайтадан қазақ тілі жайлы посттар жаза бересің. Не үшін?

       – Саған жақсы тұрып …

Read more
Comments: 0

Қайық

Бір қайықта көп кісілер отырғанда, тепе-теңдікті сақтау маңызды. Адамдардың негізгі көпшілігі ортада отыру қажет. Осылай қайық орнықты болады.

Тағы да осындай қайықта сабырлылық пен әділдікті сақтау маңызды. 

Қалай болуы мүмкін?

Бір адам әдейі немесе адал ниетпен оң бүйірге ауысады және дәл шетіне тұрады. Бұдан қайық жантаяды. Бәріне қайық оң жаққа төңкеріліп кететін сияқты көрінеді де олар қарама-қарсы жаққа – сол …

Read more
Comments: 0

Авторитарлық басшының кетуі

       Мемлекеттің авторитарлық басшысы аяқ астынан биліктен кетсе, елдегі жағдай бірден жақсы жаққа өзгере қоймайды.

       Көбінесе билікке бұрынғы басшының айналасындағы адам немесе алдын-ала даярлаған мұрагер келеді, кейде кездейсоқ біреудің билікке ие болып кетуі де мүмкін. Бұл жағдайларға тарихтан да, жақын көршілермізден де мысал келтіруге болады.

       Авторитарлық президенттің айналасында болған адам билікті қолына …

Read more
Comments: 0