Бізге Жеңіс күнін тойлау қажет пе?
Менің ойымша қажет. Сол күні Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысы фашизмді жеңумен аяқталды.
Үйірімпаз жетекшіден естері адасқан бір ұлт өзін басқалардан ақылдырақ, күштірек, мәдениеттірек деп санады және бүкіл әлемді басқара алатына сенімді болды. Барлық өркениетті адамзат бұл идеологияға қарсы тұрды және жаңа тарихта нәсілдік немесе ұлттық басымдылыққа жол жоқ екендігін дәлелдеді.
Сонымен біз парасатты мағынаның және жалпы адамзаттық құндылықтардың фашизм идеологиясын жеңуін тойлауға міндеттіміз ба?
Мен үшін – мұнда күмән болмауы керек.
Сонымен қатар, соғысты және оның барлық сұмдық жайттарын еске алу арқылы біз өзімізді және радикал саясатшыларды жаңа соғыстардан әрі қарай алыстатамыз. Осында тарихтан сабақ алудың негізгі мағынасы жатыр.
Жеңіс Күнінде қуану керек па әлде қайғыру керек па?
Мен жеңіспен байланысты болатын осы екі сезімді бір-біріне қарама-қайсы қоймаушы едім.
Иә. Біз сол алапат соғыстың батырлары мен құрбандарын ойлап қайғыруымыз керек. Біз осындай көрнекі дәлел үшін адамзаттың қандай үлкен қатерлі іске бел байлағанын естен шығармауымыз керек. Арийлердің үстемдік етуінен сақтау үшін, біздің бостандығымыз үшін аямай жанын қиған әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігін ұмытпауымыз керек.
Сондықтан осы күні соғыс ерлерінің ескерткіштеріне гүлдесте салып, бір минут үнсіздікпен оларды еске алу керек.
Бірақ осы күні тек қана қайғыға бату керек па?
Жеңістен қуаныш болуы керек емес пе? Үлкен жоғалтулардың қадірімен болса да, біз жеңіске жеттік! Біз фашизмнен, ұлтшылдықтан, нәсілшілдіктен бос өмір сүреміз. Бұл қуаныш емес пе? Біздің ата-бабаларымыз сол үшін жанын берді. Бізге неге осы жеңіске қуанбасқа?
Жеңіс Күнін тойлауға қарсы болатын адамдардың қисынының соңынан еретін болсақ, онда Тәуелсіздік күніне де қуанбау керек. Өйткені сол күні біздің тәуелсіздігіміздің бастауын салған, қазақстандық желтоқсаншылары құрбан болды. Наурызда да көңіл көтеруге болмайды, өйткені бұл көшпенділердің құрбандықтан, қытымыр қыстан шығуын білдіреді. Жаңа жыл ше? Сол күні кіреске керіп шегелеп тасталған Иса дүниеге келді.
Қандай да бір құрбандықпен байланысты болмаған бір де бір мереке жоқ сияқты. Бірақ бұл құрбандық бізге сыйлаған жақсылықты, қуанышты басып тастамау керек.
Сондықтан, Жеңіс Күні нағыз мереке болуы керек деп санаймын.
Бұл біздің жеңісіміз ба?
Ұлы Отан соғысы гитлерлік фашистік Германияға қарсы болған сталиндік коммунистік Ресейдің соғысы деген пікір бар. Бұл соғысқа қазақтардың қатысы жоқ. Оларды бөтен соғысқа қатысуға мәжбүр етті.
Мен осы пікірмен келіспеймін.
Қазақтар өз еркімен Ресей империясының құрамына кірді және Кеңес Одағының құрамында өз еркімен болды. Патша армиясы, Қызыл армия қазақтың көшпенді тайпаларына басқыншылық соғысты бастамады. Қазақстан Ресейдің отары болмады. Біздің басшыларымыз өздері бұл одаққа кірді. Бұл дұрыс болды ма, бұрыс болмады ма, тиімді ма, тиімді емес осыны ұзақ талқылауға болады. Бірақ бұл ақиқат болып қалады. Бұл біздің ата-бабаларымыздың және оларды басқарған хандардың қабылданған шешімі болды.
Фашистік Германия КСРО-ға басып енген кезде Қазақстан одақтас республика болды. Қазақтар сол уақытта Ресейге немесе коммунистік тәртіпке қарсы ешқандай азаттық соғыс жүргізбеді. Біз мемлекетпен бірге дамыдық және оның тең құқықты мүшесі болдық (кейбір асыр сілтеулерді ескермегенде, сол туралы жеке сөз қозғау керек).
Сондықтан Ұлы Отан соғысты бөтен соғыс деп ойлау – түбегейлі дұрыс емес. Германия жеңіске жеткен жағдайда қазақтарды және басқа ұлттарды нағыз арийліктерге қызмет көрсету тағдыры күтетін еді.
COMMENTS