Пушкиннің «Поп және оның жалшысы Балда туралы» ертігісінде мынадай эпизод бары естеріңізде ғой: Балда сайтанның баласымен ол биені жарты шақырымға көтіріп алмайтыны туралы бәсекеледі. Сайтанның баласы, бар алпауыт күшін жұмылдырып, боз биені көтерді де екі қадам да жасай алмай қалды. Ал Балда биенің үстіне мініп алды да, ойнап отырып толық шақырым шауып өтті.
Әр сайын біздің мемлекеттік органдар ведомстоволық сайттарды қамсыздандыру үшін зорланып, қаражаттары мен күштерін жұмсағандарын көргенде, есіме ылғи да осы ертегі түсе кетеді. Және де бәрінде бірдей дұрыс шықпайды ғой.
Ал бұл жұмыста ойнап отырып атқаруға болатын еді ғой, оны арқалап жүрмей, керісінше, оны ерттеп алып. Осы міндетті ашық конкурс арқылы жеке компанияларға табыстау керек. Олар, өзінің тарапынан, сайтты қамсыздандыру үшін шығындарды өтеуді оған жарнаманы орналастыру құқығына айырбастушы еді. Сонымен бірге сайттың жалпы әрленімі, оның тақырыптық бағыттануы мемлекеттік органмен анықталушы еді, ал коммерциялық құрылымы басқарушылық компанияға толық меншігіне жатпай ма.
Менің ойымша, осындай өзара әрекеттесу екі тарапқа да пайдалы болар. Министрлік сияқты мемлекеттік органның сайтында өзінің жарнамасын орналастыруды қалайтындардың талайын табуға болады. Мысалы, ірі фармацевтикалық компаниялар, менің ойымша, өзінің баннерін Денсаулық сақту министрлігінің сайтында, білдектер мен құрал-саймандарды өндірушілер – Индустрия мен сауда министрлігінің сайтында, консалтингілік компаниялар – Қаржы министрлігінің сайтында және т.б. орналастыруды қалайтыны рас қой. Демек, басқарушылық компания үшін осы сайтты басқару өте тиімді болады деген сөз. Ол, сайттың жарнамалық кеңістігін жалға беріп, жақсы табыс алуы мүмкін. Екінші жағынан қарағанда, сайтты қамтамасыз етудің шығын баптарының бір бөлігі азаяды, бұдан былай ол кәсіпқойлардың қолында болады, ал министрлікке басқарушы компанияға тек уақтылы өзінің ақпаратын ұсынып, оның сайттың ресми бөлімінде орналасуын анықтап бақылап отыру қалады.
Бұл мемлекеттік ресурсты қамтамасыз ету үшін зор күш салмай, қос пайда табудың бір ғана мысалы.
Жылқыны арқалап жүрген жетер енді, оны ерттеуге де болады ғой! J
COMMENTS