Все статьи из рубрики "Общество"

Кімнің үлесі басым: кәсіпті ашқан адамның ба әлде инвестордың ба?

Жақында инвестиция іздеген бір кәсіпкер жолықты (есімі Расул болсын). Ол біраз жыл бір үлкен компанияда жұмыс істеп, сол саладағы бизнестің қыр-сырын әбден зерттеп, адамдарды басқаруды үйренген соң ғана өз компаниясын ашып, тәуекелге барыпты.

Идеясы ұнады, бизнес-жоспары ды әбден пысықталғандай көрінді.

Үлес туралы саудаласа бастадық.

– Білесіз бе, – деп бастады Расул, – бірнеше инвестормен сөйлесіп көрдім. Көбісі маған компанияның 5-10 …

Read more
Comments: 0

Тұтынушылық және жасампаздық дүниетаным.

Кей адам ақшаға тұтынушы ретінде қарайды. Олар жылдам байып, үлкен вилла, қымбат көлік сатып алып, жағажайда коктейль ішіп, күні бойы дым бітірмей жатқысы келеді. Олардың бар арманы да, бақыты да осы.

Ал дүниетанымы жасампаз адамдар болады. Ақша олар үшін өмірдің мәні емес, тек биік мақсаттарға жеткізетін құрал ғана. Мұндай адамдардың қолына ақша түссе, олар шашып жібермей, іске жұмсайды: зауыт салады, …

Read more
Comments: 0

Қызметкерлердің сыны.

Жақында бір қызметкерді жұмыстан шығаруыма тура келді. Жұмысқа деген көзқарасымыз үйлеспеді.

Ондай кейде болады.

Жұмыстан кеткен соң сол қызметкер маған ұзақ хат жазып, мен туралы бар ойын жайып салған еді.

Мен жұмыста тым салқын адам екенмін, қызметкерлермен қарым-қатынасқа жіті көңіл бөлмей, оларды жиі сынап, сирек мақтайды екенмін.

Мұндай сөздерден кейін оның екі бетінен шөлпілдетіп сүйіп алғым келді!

Иә, дәл солай. …

Read more
Comments: 0

Перфекционизм

Мойыным мен арқама шаншу қадалып, жақында терапевтке бардым. Дәрігер маған көз қарын салды да, ары қарай компьютерінде жұмысын жасап отыра берді.

– «Бәрі түсінікті, – деді ол, – сізде остеохондроз. Мойын мен омыртқадағы бұлшықетіңіз тырысып, қысылады да, шаншу болады».

Мен таң қалдым: – «Қалай біліп қойдыңыз?»

– «Көрініп тұр ғой, – деп басын көтерместен байыппен жауап берді, – жаңа сіз …

Read more
Comments: 0

Азаматтық сана.

Жақында бір досым түн ортасында кездейсоқ оянғанын және кейбір ұрылардың көпқабатты үйлерінің бірінші қабатындағы дүкенге кіре берістегі әшекейлерді ұрлауға тырысып жатқанын көргенін айтты.
Мұны көрген адамдардың көпшілігі есінеп, ұйықтай берер еді. Ал менің досым терезеден шығып, ұрыларды ұстау үшін айқайлай бастады және ол полицияға қоңырау шалды. Олар бірден қашып кетті.

  • Ал саған бұл не үшін керек еді? – Бұл сенің
Read more
Comments: 0

Табыну бәсекесі.

Уақыт өте келе авторитарлы көшбасшының айналасы неге жағымпаздар мен қошеметшілерге айналады? Неге олардың саны геометраиялық прогрессиямен көбейеді?

Мұны оп-оңай түсіндіруге болады.

Авторитарлы қоғамда мемлекет басшысы биліктің жалғыз көзі болып табылады. Халық емес, басшының дәл өзі. Ол барлық игіліктерді бақылауында ұстайды: жоғары мемлекеттік лауазымдар, ұлттық компаниялардың қаржысы, елдегі табиғы байлықтар. Сондықтан бұл қоғамда биік дәрежеге жетіп, бай болудың бір ғана жолы …

Read more
Comments: 0

Таптық өшпенділік.

Әли кедей отбасында өсті. Кішкентайынан ата-анасы жалдамалы пәтерден пәтерге көшіп, күнін әрең көріп жүргенін ұмытпаған. Пәтердің ақшасын төлейтін әр айдың бірінші жұлдызын ата-анасы қорқа күтетін, ал пәтер қожайынын сырттай қанішер және арамтамақ деп атайтыны да есінде қалған. Бірде пәтер иесі келгенде көп балалы отбасының төлейтін ақшасы болмағасын әкесі онымен төбелесіп қала жаздаған еді. Үлкендердің айқайынан шошып қалған Әли дәретханаға тығылып, …

Read more
Comments: 0

Ережелерге бағынбау.

Кейбір адамның маска тағу немесе қоғамдық орындарға кірерде температураны өлшеу сынды бүгінгі күннің заңдарына ашуланып, немқұрайлы қарайтынын байқаймын.

Сауда орталықтарының қызметкерлерінен ат тонын ала қашып, температураларын өлшетпес үшін оларды айналып өтуге ұмтылатындарды бірнеше рет көрдім.

Мұндайды әдепсіздік деп санаймын.

Бекітілген ережелерді ашық орындамау қоғамдық мүдделерге деген немқұрайлылықты білдіреді. Осындай адамдар кезексіз өтуге, тротуарда көлікті қойып кетуге, жеңілдікті заңсыз алуға ұмтылып …

Read more
Comments: 0

Қазақ латын әліпбиі.


Ақыры, қазақ әліпбиінің латын әліпбиінің жаңа нұсқасы көпшілік назарына ұсынылды!
Халқымыз биліктің көңілінен шығуға деген ұмтылысында бюрократтарды эпикалық жеңіске жетті және диграфтар мен апострофтармен қорқынышты нұсқаларды қинап жеңді деп есептеймін.
Ұсынылған нұсқа бұрын ұсынылғандардың ішіндегі ең сәттісі сияқты.
Бұл түптеп келгенде түркі әліпбиіне бет бұрғанымызды көрсетеді. Және бұл, менің ойымша, дұрыс. Біз бір топтамыз және түрік, әзірбайжан, татар және басқа …

Read more
Comments: 0

Асыраушылар немесе жаулар?

Бүгін дәріхананың қожайыны досым хабарласты. Жылап қала жаздаған ол бұрын бірнеше жүз мың теңге тұратын дәрі-дәрмек сатып алғанын, жақында денсаулық сақтау министрінің ең жоғары баға туралы бұйрығы шыққанын, енді досым көптеген дәрілерді құнынан төмен сатуға мәжбүр екенін айтады.
Мысалы, ол дәріні 1000 теңгеге сатып алып, 200 теңгеге бағалап, оны 1200-ге сатқысы келді, бірақ министрдің бұйрығымен бұл дәріні ең көбі 700 …

Read more
Comments: 0